Ақтөбеде 38 мың адамның еңбекақысы көбейеді

    █ Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір активімен кездесіп, Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар бойынша атқарылатын жұмысты пысықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Ақтөбе облысы биыл экономикалық дамудың 5 пайыздық өсімін сақтап қалады. Ал жалақының өсімі 109 пайызды құрады. Әкімдік пен кәсіпорындар арасындағы меморандум аясында ірі, шағын, орта кәсіпкерлік иелері өз жұмысшыларына еңбекақыны көтерді. Дегенмен әлі де болса жалақысы аз адамдар бар. Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, енді ең төменгі еңбекақы 42 мың теңге болады.
    - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда 2019 жылдың 1қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Ақтөбе облысы бойынша 38 мың адамның еңбекасы өседі. Оның 19 мыңы бюджеттік салада еңбек етеді. Яғни, әр отбасы Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес көмекті сезінуі тиіс»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы тағы 5 жылға ұзартылды. Ақтөбе облысы биыл бұл бағдарлама бойынша 5 миллиард теңге алып, игеріп жатыр. Алдағы жылдары 2,5 миллиард теңге алып, шағын және орта кәсіпті дамыту жоспарға енгізілді. «Тариф, баға қалыпты болуы үшін біз бәсекелестікті дамытуымыз керек. Бұл халыққа керек іс. Монополистер ірі кәсіпорын салатын кезде тарифке байланбай инвестиция салуға уәде береді. Кейін тек тарифті көтеру арқылы инвестиция салатынын мәлімдейді. Бұл дұрыс емес. Келер жылы Ақтөбеде тариф көтерілмеуі тиіс. Тек пәтер иелері кооперативінің қызметіне қатысты бағаны қайта қарау керек»,- деді облыс әкімі. Ақтөбе экспорттың мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отыр. Еуропа мен Азия арасындағы хабар қызметін дұрыс атқару үшін логистиканы дамытып, жол бойындағы бизнесті жандандыру қажет.
    - Бізде ауыл шаруашылығы бағытында трансұлттық компания әлі жоқ. «АкТеп» ЖШС-і ет өңдеу комбинатын үлкейтуді шешпеді. Қарғалы ауданында құс фабрикасы салынбады, Мәртөкте 5 мың бас ешкі бағатын шаруашылық та жоба күйінде қалды. Ақтөбе - мал шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір. Бізде 25 миллион гектар жайылым бар. Оңтүстік аудандарда 10 ай мал далаға жайыла алады. Сонымен қатар, суармалы жерлерге қатысты қарқынымыз да мардымсыз. Жыл сайын Үкіметтің, банктердің мүмкіндігін пайдаланып, 8-10 мың гектар суармалы жерді көбейту керек. Екі жылдан кейін өңірде кем дегенде 50 мың га суармалы жер болуы тиіс. Сөйтіп оны 100 мың га жеткізу тапсырмасы тұр»,- деді өңір басшысы. Бердібек Сапарбаев активпен кездесу кезінде аудан, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, экономика, ауыл шаруашылығындағы өсімді бақылап, халыққа Елбасы Жолдауын түсіндіруді тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе инвестиция тарту бойынша алда келеді
  • Қобданың күйі жақсы
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Бердібек Сапарбаев: Құрттан да пайда табуға болады
  • Иран кәсіпкерлері Ақтөбеде қой шаруашылығын дамытпақшы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге