Реквием


    Реквием

    Тірлік деген дүрмектің бораны бақ,
    Ол да жалған, оның-дағы қалары хақ.
    Баста қалпақ, үстіңде қызыл жейде,
    Қызыл түске жүруші ең оранып ап.

    Дертін табар кім менің көңілімнің,
    Сағынышын туған жер өңірінің.
    Көлеңкеңе зар болып Төбекөңге,
    Нәзік бұлты төнеді Тобығымның.

    Сенің жырың — табиғат толғап тұрар,
    Сенің сырың — арулар, ардақты жар.
    Тіпті өзіңді еске алар ертегідей,
    Бейіттегі кейіпкер — балдақтылар.

    Соңғы жазы соғыстың мұз болатын,
    Жарақаттан жүректе із қалатын.
    Келмей ме деп Өтежан шомылуға,
    Сағынып жүр ерке Жем жүз баратын.

    Жұмақ жерде бір өзің ұйқыдасың,
    Абыз таулар оян деп жұлқылар шын.
    Алатаудың қойнынан Ақтөбеге
    Өлең болып жетсем деп ұмтыласың.

    Тумасы қатпар-қатпар Шер қаланың,
    Біртуар ұланы ең кең даланың.
    Мұңданып Маңғыстауың күй кешеді,
    Болдым деп тұғыр-тірек қомданарың.

    Куәсімін еске алар отырыстың,
    Отырыстың, төзімді тауысатын бекіністің.
    Жалынына жырыңның жылынумен,
    Шоғын үрлеп отырмын өкініштің.

    Талайлар жасқанды тек, атағыңнан,
    Ақиқат үшін күрес «шатағыңнан».
    «Өмір қызыл майдан» деп тіресіп ең,
    Іздейміз батар күннің шапағынан.

    Жоқтайды ақыным деп Жарқамысың,
    Жоқтайды жақыным деп Нарқамысың.
    Өлең деген өлкенің алдаспаны,
    Арманысың, тірліктің жалғанысың.

    Жақсылық Айжанұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Қылыш тіл берді Тәңірім!”
  • “Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін”
  • Қызыл кітапқа енген құсты атқан браконьер ұсталды
  • “Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”
  • Қоқыс полигонынан шыққан түтін қаланың тынысын тарылтты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

Реквием


Реквием

Тірлік деген дүрмектің бораны бақ,
Ол да жалған, оның-дағы қалары хақ.
Баста қалпақ, үстіңде қызыл жейде,
Қызыл түске жүруші ең оранып ап.

Дертін табар кім менің көңілімнің,
Сағынышын туған жер өңірінің.
Көлеңкеңе зар болып Төбекөңге,
Нәзік бұлты төнеді Тобығымның.

Сенің жырың — табиғат толғап тұрар,
Сенің сырың — арулар, ардақты жар.
Тіпті өзіңді еске алар ертегідей,
Бейіттегі кейіпкер — балдақтылар.

Соңғы жазы соғыстың мұз болатын,
Жарақаттан жүректе із қалатын.
Келмей ме деп Өтежан шомылуға,
Сағынып жүр ерке Жем жүз баратын.

Жұмақ жерде бір өзің ұйқыдасың,
Абыз таулар оян деп жұлқылар шын.
Алатаудың қойнынан Ақтөбеге
Өлең болып жетсем деп ұмтыласың.

Тумасы қатпар-қатпар Шер қаланың,
Біртуар ұланы ең кең даланың.
Мұңданып Маңғыстауың күй кешеді,
Болдым деп тұғыр-тірек қомданарың.

Куәсімін еске алар отырыстың,
Отырыстың, төзімді тауысатын бекіністің.
Жалынына жырыңның жылынумен,
Шоғын үрлеп отырмын өкініштің.

Талайлар жасқанды тек, атағыңнан,
Ақиқат үшін күрес «шатағыңнан».
«Өмір қызыл майдан» деп тіресіп ең,
Іздейміз батар күннің шапағынан.

Жоқтайды ақыным деп Жарқамысың,
Жоқтайды жақыным деп Нарқамысың.
Өлең деген өлкенің алдаспаны,
Арманысың, тірліктің жалғанысың.

Жақсылық Айжанұлы.

Ұқсас жаңалықтар
  • “Қылыш тіл берді Тәңірім!”
  • “Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін”
  • Қызыл кітапқа енген құсты атқан браконьер ұсталды
  • “Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”
  • Қоқыс полигонынан шыққан түтін қаланың тынысын тарылтты
  • Пікір
    ^ Үстіге