Әлеуметтік желі: әлек пе, әдет пе?

    Әлемнің тоғызыншы планетасына айналып үлгерген әлеуметтік желі күн өткен сайын дамып келеді. Тіпті адамдар соңына ілесе алмай әлек. Агент дәуірінен бастау алған бүгінгі желінің қарқынына көз ілеспейді. Бір мезетте бірнеше желіні шыр айналдырып отырған әлеуметтік желінің жарық жұлдыздары да бар. Олар туралы бірі білсе, бірі білмейді. Бүгінгі заманның «хит» әлеуметтік желісіне айналған инстаграмның да орны тым бөлек. Соңғы уақытта жастарды қызықтырып жүрген ютубтағы арнайы канал, инстаграмдағы тікелей эфир, телеграммның жаңа сәні мен фейсбуктағы көркем жазбалар. Олардың қатарында біздер меңгерген «whatsapp пен вконтакте» желісін айтпай-ақ қоюға болтындай. Уақыт жылжыған сайын артқа қалған мой мир мен айқұлағы бар агент туралы жазбасақта білеміз.

    Әлеуметтік желі жыл сайын емес күн сайын дамып келеді. Тіптен сағат сайын бірнеше өзгерістерге еніп тұратыны тағы бар. Бірінің артынан қайталанған желілердің көптігі соншалық қалай аталатынын да есімізден шығарып аламыз. Дегенмен әрбір желінің өзіндік ерекше тұстары бар. Тоғызыншы планета арқылы табыс тауып отырған жастарымыз да жетерлік. Маркетинг, таргетинг, копирайтер, smm маманы десем түсініксіздеу болады. Бірақ әлеуметтік желіні қосымша жұмыс көзіне айналдырған жастарды көргенде «мен неге солай жасамасқа?» деген ой келеді. Қосымша жұмыс көзіне айналған желілер арқылы танылып үлгерген жастар да көп. Желідегі жұмысы арқылы байып кетіпті деген сөзді көп естиміз. Дегенмен әлеуметтік желі де қалай жұмыс жасауға болады деген сұрақ мазамызды алады.

    Маркетинг (ағылшынша «marketіng» — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) —кәсіпорынның тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді. Тұтыну мен өндіріс өніміне сұранымды қалыптастырады. Табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.

    «Әлеуметтік медиа маркетингтің шебері болу оңай»
    Екі жыл бұрын ақтөбедегі №38 мектепті бітерген Назерке Сайлауова бүгінде Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика мамандығында білім алып жатыр. Қатарластарынан озық тұратын Назеркенің инстаграм арқылы жұмыс жасап жүргенін көбі біледі. Бір күн ішінде 10 мың теңге табуға дейін мүмкіндігі бар жас SMM маманының басты мақсаты әлеуметтік желідегі жұмысын жетілдіру.
    - SMM ағылшын тілінен аударғанда әлеуметтік медиа маркетинг деген
    мағынаны білдіреді. Бизнес пен жеке кәсіпкерлікті әлеуметтік желіде жүргізу. Бүгінде әлеуметтік желі дамыған сайын кәсіпкерлікті әлеуметтік желіде жүргізу сәнге айналды. Әлеуметтік желінің аудиториясы кеңейген сайын желіде жұмыс жасайтындардың қатары көбейіп келеді. Студент үшін ең тиімді жұмыс түрі мен үшін осы тәрізді болды. Сабақпен бірге үйлесімді алып жүру қолайлы болғандықтан бұл сала менің қызығушылығымды тудырды. Әрі SMM журналистиканың бір бөлшегі. Әрине толыққанды журналистика деп айта алмаймыз. Айтуға мүлдем келмейді. Бірақ smm-де журналистикадан туындайтын дүние. Бірінші курсты бітіргеннен кейін жазғы демалысымды арнайы оқу курсына арнадым. Ол курсты оқуға өзімнің інім себепкер болды,-дейді жас smm менеждер Назерке Сайлауова.

    «Сауда орталығының инстаграм парақшасын тегін жүргіздім»
    - Практика барысында курстан алған нәтижемді тексеру үшін сауда
    орталығының инстаграм парақшасын тегін жүргіздім. Тегін жүргізу барысында көп нәрсені үйрендім. Сауда орталығы қалдырған жақсы мінездемеден кейін Астанаға қайта келгеніме маған жақсы ұсыныстар түсе бастады. Міне содан бері, яғни 2017 жылдан бастап smm-мен айналысамын. Өзімді «SMM» маманы деп айта аламын. Осының арқасында өзімнің атымды қалыптастырдым. Жеке болгымды жүргізіпте үлгердім. Осы аралықта балаларды дамыту орталығының жеке компаниясында жұмыс жасадым. Әр жазған дүниемізге оқырман мен тұтынушының алдында жауаптымыз. Біздің мақсатымыз сата беру ғана емес. Оқырманға пайдалы ақпарат беру. Оқырманның көкейіндегі сұрақтың жауабын табу. Оқырманның қалағанын беру. Міне, мен жасап жүрген мамандық осындай,-дейді Назерке Сайлауова.

    Копирайтер – сайт үшін контент құрушы адам. Сайтқа тапсырыспен немесе өз бетімен ақшаға материалдар жазады. Үйде отырып, әр түрлі мекемелердің тапсырыстарын орындап беруге мүмкіндігі бар. Жарнамалық текстер жазады. Олар әр түрлі өнімдердің, брендтердің атауын ойлап табады.

    «Он жетідегі баланың өмірлік философиясы»

    - Өзімді үнемі таргетолог деп таныстырамын. Әрине қарапайым халық
    оның не екенін түсінбей жатады. Маркетинг бөлімінен тарайтын таргетинг жарнамасын жасау үшін сіз Facebook-қа ақша төлейсіз. Аздаған сомадағы қаражат жұмсау арқылы өз аудиторияңызды кеңейте аласыз. Мәселен, сіз Ақтөбе қаласына арналған мақала жасасыз. Өзіңіз ойлап қараңыз, мұны басқалар көру үшін жас аралығын көрсетесіз. Осы арқылы өзіңізге керекті оқырмандарыңызды таба аласыз. Сіз жазған мақала инстаграмға жарнама болып шығады. Басқалар сіздің жазбаңызға немесе суретіңзге қызығып жазылатын болады,-дейді 17 жастағы таргетолг Мақсат Сайлауов.

    «100 мың оқырмаңға жеткіздім»

    Он бірінші класс оқушысы Мақсаттың жарнама жүргізген әлеуметтік парақшалары бүгінде біразға жетеді. Өзі үшін ашқан «КТА жайдарман әзілдері» парақшасының оқырмандары бүгінде 100 мыңға толды. Өзінің күнделікті табысы мен жарнамалаған орталықтарының есімін жасырып қалуды жөн санады.
    - Жаңадан екі жоба бастап жатырмын. Жақын арада оларды инстаграм
    парақшасына шығаратын боламын. Әлі де қазақ аудиториясында болмаған видео болады. Оқырманға кеңес деп те айтуға болады. Бір жерден аранайы білім алдым деп айта алмаймын. Үлкен аға-апаларымның кеңесінің арқасында жетістікке жетуге де болады. «YouTube пен Google» арқылы барлығын үйренуге, барлығын меңгеруге болады. Өзімнің жақсы көретін ісім. Жазу шеберлігім керемет деп айта алмаймын. Ойымызға не келеді соны аудиториямен бөлісуге тырысамын. Есте сақтайық, ешқашан оқырман санын жалған етіп арттыруды көздемейік. Себебі саны көбейген оқырманнан сізге ешқандай лайк пен пікірлер жиналмайды. Тек оқырмандардың саны өзгереді, сапа өзгермейді. Егер өзіңнің тұрақты оқырмандарың болса бұл сенің көп лайк пен пікір жинауыңа көмектеседі. Егер сіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызда 100 мың адам болса кемінде 10 мың қаралым, 10 мың лайк, 1000 пікір болу керек. Осындай жүйелер сақталса ғана оқырман санын көбейтуге болады,-дейді Мақсат Сайлауов.

    SMM-маман болу үшін қойылатын негігі үш шарт:
    • Мәтінмен жұмыс істей алу қажет – сауатты жазып, сатушы мәтіндер жасау, сайт, жеке блог жүргізу, көркем әдебиет оқу, интернеттегі контенттің ерекшеліктерін білу;
    • Соңғы трендтер мен технологиялардан хабардар болу – барлық интернет ресурстарды қолданып, трендтің даму қарқынына қарай бағыт қолдана білгені жөн;
    • Шығармашыл, креатившіл – қызықты һәм жаңа идеялар ойлап, оны дамытудың креативті тәсілдерін меңгеру.
    SMM жүргізу 1 күннің немесе 1 айдың жұмысы емес, кемінде 6 ай немесе 1 жылдық стратегия жасалады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік ұстаздар сыйлықтан бас тартып жатыр
  • Әлеуметтік желі – журналистің басты құралы
  • Аршат Оразов: Танымал ақпараттық сайттардың жазатыны – өсек-аяң, масқара-сұмдық
  • Лайкомания – сырқат
  • Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге