“Махаббат мұңы” жоғары бағаланды

    “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды

    Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры “Сахнадан сәлем” атты халықаралық театр фестивалінен оралды. Бұл жергілікті өнер ұжымының соңғы 7-8 жыл көлемінде алғаш рет облыс аумағынан тыс жерге шығуы.

    Театр ұжымы халықаралық фес-тивалден шабыттанып оралған. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне драма театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан айтты.
    -Халықаралық фестиваль маусымның соңғы күндері Астана қаласында өткен болатын. Әдетте мұндай жиындарда театрларға жүлде берілмейді. Алып барған қойылымдарын театр өнерінің тарландары талқылып, бағыт-бағдар береді. Қазылар алқасы Тахауи театрының өнерін өте жоғары бағалады,-дейді Нұрлыбек Жұбатқан.

    Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры “Сахнадан сәлем” атты халықаралық театр фестиваліне “Махаббат мұңы” атты қойылымды алып барған. Қойылым режиссері ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрқанат Жақыпбай. Астана жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай Ақтөбеге биыл қаңтар айында келіп, ұжыммен бір ай бойы бірге жұмыс істеді.
    -Шығармашылық орта үшін сырттан келетін кадрлардың маңызы зор. Сырт көз біздің етіміз өліп кеткен кей жайттарға өзге қырынан қарауы мүмкін. Мысалы, Тахауи театрына биыл Қарағандыдан Дина Жұмабаева, Астанадан Нұрқанат Жақыпбай келді. Нәтижесінде ұжымда серпіліс пайда болып, фестивальдарға қатыса бастадық,-дейді Нұрлыбек Жұбатқан.

    “Шақыртулардың астында қалдық” деген театр директоры биыл қыркүйек айында халықаралық деңгейдегі үш фестивальға баратындарын айтты. Ялта, Өскемен мен Бішкекте өтетін өнер мерекесінен бұрын Тахауи театры Бурабайда өтетін республикалық фестивальға қатыспақшы.
    Ал осыған дейін Астанадағы халықаралық фестивальде жоғары баға алған “Махаббат мұңын” театр ұжымы өздерінің төлқұжатына айналдырғысы келеді. Өйткені, бұл театр есімін иеленген ұлы драматург Тахауи Ахтанов туындысы бойынша сахналаған қойылым.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тахауи театры халықаралық фестивальге барады
  • Жас режиссерлердің республикалық фестивалі басталды
  • Ахтанов театрында әскери драма сахналанды
  • Ақтөбенің қыршын кеткен әртістері
  • Ахтанов театры шақырады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге