“Bala Turkvizyon” байқауына қатысатын ақтөбелік анықталды

    18 шілде күні Ақтөбеде “Bala Turkvizyon” халықаралық байқауына аймақтық іріктеу өтті. Рахман Сатиев жеңімпаз деп танылды.

    Ақтөбе -Ұлттық іріктеу өткен оныншы аймақ. “Жандану әлемі” қоры ұсынып отырған байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету. Қордың жоба менеджері Марат Ақыпбековтің айтуынша, бұл байқау балаларға лайықталған жаңа ән жазуға және тың аранжировка жасауға мүмкіндік береді.

    – Қазақ тілінде 16 жаңа патриоттық ән жазылады. Бұрын-соңды еш жерде орындалмаған бұл әндер еліміздің ең кішкентай тұрғындарына арналады. Себебі, бізде балалар орындай алатын әндер өте аз,- дейді Марат Ақыпбеков.

    Ақтөбе аймағынан байқауға барлығы 56 бала қатысты. Оның
    27-сі негізгі іріктеуге түсті. Жобаның шығармашылық тобына ақтөбелік балалардың музыкалық талғамдары ұнаған. Қатысушылардың қай-қайсысы да әнді өзіне сай таңдай білген.

    - Балалар шығармашылық жағынан өте жақсы дайындалған. Бәрі бірдей бір әнді жаттап алмай, әр түрлі ән айтқаны бізді өте қуантты. Дегенмен, вокалдан сабақ беретін апайлары балалардың өзіндік ерекшеліктерін таппайтын сияқты. Біз әр балаға 10-15 сұрақ қойғаннан кейін ғана ашылып, өзіне ұнайтын әнді орындай бастады. Әйтпесе, бәрі бірдей классикалық академиялық орындауға бейімделіп алған. Осыған дейін болған қалаларда іріктеу кезеңін тез өткізген едік. Осы жолы ұзақтау отырдық. Себебі, әр баланы ашқымыз келді. Таланты бары көрініп тұр. Әрқайсысынан соны суырып алғандай болдық,- дейді жобаның музыкалық продюсері Айжан Керімқұлова.

    Осылайша негізгі кастинке өткен 27 баланың ішінен ең мықтысын тәлімгер Нұрболат Абдуллин мен сазгер Павел Ли, әнші Жасұлан Жанұзақов анықтап шықты. Іріктеу қорытындысы бойынша жеңімпаз – 12 жасар Рахман Сатиев.
    Рахманның айтуынша, ауылда жаңа мектеп салынып жатқан кезде, жаңадан келген ұстазы оның әнге деген қабілетін бірден байқап, ата-анасынан баланы ән үйірмесіне беруді сұрайды. Әнші бала сөйтіп Ақтөбедегі музыкалық мектептің вокал сыныбына түседі. Бір жылдың ішінде Рахман бірнеше қалалық және республикалық байқаудың Гран-при иегері атанып үлгерген. Жеткен жетістіктері үшін мектеп басшылығы Рахманды бірінші сыныптан үшінші сыныпқа ауыс-тырыпты.

    - Мен ән айтып қана қоймаймын. Футбол ойнағанды ұнатамын. Сурет саламын. Болашақта танымал әнші болғым келеді. Ата-анам менің бұл ойыма еш қарсы емес,- дейді Рахман Сатиев.

    Байқау ережесіне сәйкес Рахман Сатиев тамыз айының ортасында Алматыға “Жұлдызды үйге” жол тартады. Оны жартылай финалға тәлімгері Нұрболат Абдуллин дайындайтын болады.
    -Әнді баланың болмысына қарай жазамыз,- дейді Нұрболат Абдуллин.
    “Bala Turkvizyon” байқауының іріктеу кезеңі енді алты өңірде өтеді. Әр өңірден шыққан жеңімпаз орындаушылар 16-17 қыркүйекте Астанада өтетін жартылай финалда өзара бақ сынаспақ. Ал жартылай финалдың жеңімпазы Түркияның Стамбул қаласында өтетін халықаралық байқауға Қазақстанның атынан қатысуға жолдама алады. Қазір “Bala Turkvizyon” байқауына өзге түркі тілдес елдерде де іріктеу жүріп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нұрболат АБДУЛЛИН: Мен үшін қыздан гөрі, әнге ғашық болған қиын
  • “BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі
  • Дельфий ойындары мәреге жетті
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге