Ақтөбеде мысықтардың көрмесі өтті

    Ақтөбеде  мысықтардың көрмесі өтті

    Ақтөбеде мысықтардың халықаралық көрмесі өтті. Оған Қазақстан мен Ресейден тұқымы алуан түрлі 150-ден астам марғау қатысты.

    Мысық-мистикалық хайуан. Былайғы кезде моп-момақан мысықтардың айбат шеккендегі түрі жон арқаңды тітіркендіреді. Ал ол мысық сегіз келі болса қайтер едіңіз?

    Мысықтардың халықаралық көрмесіне қойылған сегіз келілік Лексусты әсіресе балалар жағы айналып өтіп жатты. “Мэйн-кун” тұқымынан тараған марғау Еуропа чемпиондығынан үміткер. Иесі оның мінезі салмақты, өзі агрессиядан ада екендігін айтты.

    -Дене тұрқы ірі болғандықтан, адамдар шабуыл жасамай ма деп сескенеді. Алайда, Лексустың ондайы жоқ. Мысығым үшін арнайы сайт та аштым. Өйткені, оны көрме сайын қызықтап қарайтындардың қатары көп. Ақтөбеге келе жатқанда бір қызық жағдай болды. Қазақстан мен Ресей шекарашылары бізді көліктен түсіріп, менің мысығыммен жарыса суретке түсіп жатты,-дейді марғаудың қожайыны мәскеулік Татьяна Аникина.
    Ал Самара қаласында тұратын Гюзель Цуканова Ақтөбедегі көрмеге

    5 үй жануарын ала келіпті. Қылшығы қысқа және корниш рекс тұқымды мысықтар байқауда бақ сынап қана қоймай, саудаға да түседі. Алайда, мысықтардың қожайыны мұны бизнестен гөрі хобби деп бағалайды.

    - Қазір мен пәтерімде 9 мысық асырап отырмын. Бір жануарды бағып-күтуге орта есеппен айына 7 мың Ресей рублі (23 000 теңге) керек. Сондықтан мұны бизнес емес, қымбатқа түсетін хобби деуге болады. Кез-келген мысық өз қожайынымен тікелей энергиялық байланыста болады. Иесі қандай аурумен ауырса, мысық та сол ауруға шалдығады. Мысықтардың адамды дертінен айықтыратын тылсым күші бар. Өз тәжірибемде аутизммен ауыратын балаға ата-анасы менен мысық сатып алған кез болған. Осыдан соң бұрын ешкіммен сөйлеспеген бүлдіршіннің қимыл-қозғалысында ілгерілеу байқалыпты. Ата-анасы жуырда екінші мысыққа тапсырыс берді, -дейді Гюзель.

    Мысықтың емдік қасиеті бар екеніне мәскеулік Алла Богданова да шүбәсіз сенеді. Оның айтуынша, үй жануарын асыраған адамның өмір жасы ұзақ болады, қан қысымы төмендейді. Мысық адамның ауыратын жерін бірден сезетін көрінеді.

    Алланың Нева маскарад тұқымды мысығы үнемі арқасынан түспейтін көрінеді. Яғни, иесінің омыртқасындағы ауруды сезеді-мыс.
    Көрмеге қатысушылардың қай-қайсысы да өз жануарлары туралы таңды таңға ұрып айтуға дайын. Тіпті мысықтардың адамды ажалдан арашалап қалған жағдайлары да болған.

    -Менің курильдік бобтейл тұқымды мысығымды Астраханьда тұратын ер адам сатып алған болатын. Сол жігіт осыдан үш ай бұрын хабарласты. Өзі инсультпен ауырады екен. Оның қиналып жатқанын сезген мысық дер кезінде ұйқысынан оятыпты. 10-20 минут кешіккенде оның өліп кетуі әбден мүмкін екен. Дәрігер шақырып, дәрісін ішкен ол мысығының арқасында бір өлімнен аман қалған,- дейді Юлия Крупина.

    Мысықты сипаған адамның жүрек қағысы баяулап, қан қысымы бір қалыпты болатындығын дәрігерлер де растап отыр. Жүрек-қан тамырына шалдыққан адамдардың өмірін ұзартудың бірден бір жолы - мысық асырау.

    Бір байқағанымыз, көрмеге қатысушылардың қай - қайсысы да өз мысықтарына асқан мейіріммен қарайды. Бірі мысықтарының жүнін тарап, балаша баптаса, енді бірі ойыншықтармен ойнатып жатты. Олардың қатарында ақтөбелік Анастасия Белоус та бар.

    -Бұл көрмеге алғаш қатысуым. Канадалық сфинксті осыдан үш жыл бұрын қызымызға сатып алған едік. Кейін үй жануарына деген қызығушылығым артты. Бұл тұқымнан тараған мысықтарды көбіне аллергиясы бар адамдар ұстайды.Терісі тықыр. Қыста тоңбас үшін арнайы сәнді киімдер кигіземіз. Өздері ойынқұмар. Содан да болар, жаңа жылдың қарсаңында балаларға сый ретінде көбірек сатып алады,-дейді мысық иесі.

    Ақтөбеде өткен халықаралық көрмеге 21 түрлі тұқымнан тараған 155 мысық қойылды. Олардың арасында парсы, қысқа жүнді, мейн-кун, сиам, бенгаль, шотланд, корниш-рекс, манчкин және канадалық сфинкс секілді марғаулар бар. Екі күндік көрме кезінде Германия мен Белоруссиядан келген сарапшылар тұқымының тазалығын анықтады. Сондай-ақ, үздік мысықтар анықталып, жануарларларға арналған киім байқауы ұйымдастырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тұрақты донорлар марапатталды
  • Қазақы тазылардың көрмесі өтті
  • Ақтөбеде суретшілердің симпозиумы өтті
  • Болат Атыраубаев халықарарлық көрмеден оралды
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге