ҰР ТОҚПАҚ

    ҰР ТОҚПАҚ

    Қатысатындар: 1. Майгүл,
    2. Қайын атасы, 3. Баласы, 4. Тіл үйрететіндер
    Майгүл: "Осы күйеу мені шаршатты. Ең болмағанда, өзінің ана тілін де жөнді білмейді. Қазір қазақша білмейтін адамдар жоғары қызметке алынбайды дейді. Сонда менің күйеуім бастықтың орынбасары болып, өмір бойы жүре бере ме? Қой, бір амалын жасауым керек. Айтпақшы, кеше телевизордағы жарнама «Еркектерді табан астында қазақша сөйлетеміз» деген агентсво ашылыпты деп қақсап жатыр еді. Соған телефон соғып көрейінші."
    - Алло, бұл еркекке тіл үйрететін мекеме ме?
    Телефон: Иә, иә, агентство директоры тыңдап тұр.
    Майгүл: Менің күйеуімді бір күнде қазақша сөйлете аласыңдар ма?
    Телефон: Күйеуің қай жылы туған?
    Майгүл: Ит жылы.
    Телефон: Мекен-жайыңыз?
    Майгүл: Мал базардың артындағы сары үй
    Телефон:Күтіңіз...
    Майгүл: Шіркін, күйеуімді қазақша қалай сайратады екен? Бұл бір қызық болатын болды-ау. Аяқ астынан күйеуім қазақша оқитын, қазақша жазатын болды. Қуанып тұрмын...
    Агент: Саламатсыз ба, «Еркектерді табан астында қазақша сөйлететін» агентство сіздің арызыңыз бойынша келіп тұр. /қасында бір адам бар/
    Майгүл: О, саламатсыз, қош келдіңіз,төрлетіңіз.
    Агент: Менде уақыт аз. Іске көшелік. Күйеуің қай жылдан бері қазақша білмейді?
    Майгүл: Өмірге шыр етіп келгеннен бері- ау деймін. Тек, «ойбай» деген бір сөз біледі
    Агент: Аты кім?
    Майгүл: Шүлдірбек.
    Агент: Қазір қайда? /қоңырау шыр ете қалады/
    Майгүл: Міне, күйеуім келді.
    Агент: Күте тұрыңыз / екеуі шығып кетеді/
    Майгүл: Қазір технология мен медицинаның дамыған кезеңі ғой, сонда қалай үйретеді екен? /Тіл үйрететін агенттер басына қапшық кигізіп күйеуін алып келеді де, ұр тоқпақпен ұрғылай бастайды/
    Майгүл: Әй, жігіттер, менің күйеуімді неге сабап жатсыңдар?
    Агент: Қазақша үйретіп жатырмыз.
    Майгүл: Онда тал түсте адам сабайсыңдар ма?
    Агент: Бұл сыйқырлы ұр тоқпақ, күйеуіңе ештеңе де болмайды. Сертификаты бар. Бес минутта қазақша сайрайды.
    Майгүл: Аа, солай ма, онда аямай ұрыңдар...
    Агент: Қазақша сөйлей алмаймын дегенді қоясың ба?
    Майгүл: Ее, мынау сөйлегісі келмейді, үндемейді.
    Қаптағы адам: Ойбай, ойбай...
    Майгүл: Ойбайлама, жап аузыңды.Ойбайдан басқа сөз білмейді.
    Агент: Еркектер өліп бара жатса да, қойдым деп айтпайды. /Ұрады тоқпақпен/
    Майгүл: Жаныңның барында тез қазақша сөйлеймін деп айт.
    Қаптағы адам: Сендер кімсіңдер?
    Майгүл: Көтек, мынау қазақша сөйлеп кетті. Маған берші тоқпағыңды, бір рахаттанып ұрып алайын, өткенде қазақша үйрен дегенім үшін таяқ жеп едім. /Қаптың үстіне мініп алып ұрғылайды/
    Қаптағы адам: Өлдім, ойбай...
    Майгүл: О, рақмет, жігіттер, қазақша сөйлеп кетті.
    Қаптағы адам: Жаным-ай.
    Майгүл: Мені “жаным” деп жатыр. Өмірі айтып көрмеп еді. Мына ұр тоқпақтарыңды да маған тастап кетіңіздерші?
    Агент: Бұл ұр тоқпақ тегін беріледі, сатылмайды. Жақсы. Біз әлі талай қазақтарды қазақша сөйлетуіміз керек / екеуі кетеді/
    Майгүл: Құдайым-ай, күйеуім таза қазақша сөйлеп кетті. Келші, жаным. қаптың аузын ашып қалса, күйеуі емес, ауылдан келе жатқан қайын атасы екен/
    Майгүл: Масқара, мынау менің қайын атам ғой. Сәлем бердік, ата! /салеметеді/
    Атасы: Ойбай, келін шырағым, мен өзі қайда келдім, қайдан келдім?
    Майгүл: Ата, кешіріңіз, қазақша үйрететін мекеменің жігіттері ғой.
    Шал: Сонда осылай адам ұра ма? Қәне, бере тұршы, сонда мына ұр тоқпағың қазақша үйрете ме?
    /Қоңырау шыр етіп баласы келді/
    Баласы: О, привет, аташка? Как дела? Все нормально...
    Атасы: Атаңа нәлет, сенің орысша сөйлегеніңнен мен таяқ жедім / ұр тоқпақпен басынан қойып қалады/
    Баласы: Ой, ассалаумағалейкум, ата! Қашан келдіңіз? Ауыл-ел аман ба?
    Майгүл: Шүлдірбек, таза қазақша сөйледің ғой.
    Баласы: Кім қазақша сөйлеп тұрған? Мен ба, шынымен де мен қазақша сөйледім бе?/кетіп қалады/
    Атасы: Аюға намаз үйреткен таяқ деген рас екен.
    Майгүл: Рақмет,ата! Қазір ет асамын /кетіп қалады/
    Атасы: Етті қалай жеймін, тістің бәрі сынып қалды, кемпіріме не бетімді айтамын?! Бірақ, мынау өзі бір керемет дүние екен. Ана қазақша білмейтндерді қақ маңдайдан ұрсаң, сайрап кетеді. Айтпақшы, қазақша білмейтін құрдастарымды барып ұр тоқпақпен ұрып келейін....

    Нұрлыбек Жұбатқан

    Ұқсас жаңалықтар
  • ТАЛ ТҮСТЕ ТАЯҚ ЖЕДІМ
  • Серік АҚШОЛАҚОВ: Мен науқас пен дәрігердің бір одақ болғанын қалар едім
  • 80 жастағы әже Facebook жұлдызына айналды
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Айдархан НАУРЫЗҒАЛИЕВ: Ақтөбедегі ең келбетті жігіттердің бірі болдым
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге