БАТЫРЛАР

    БАТЫРЛАР

    /Сахнаға екі адам шығады/

    Завклуб:
    Ассалаумағалейкум, спонсор аға, ааа демеуші аға. Ауыл деген тамаша, ауылда жұмыс жоқ, бірақ жұмыссыз жүрген ешкім жоқ. Ауылда түк қызық жоқ, бірақ күнде той, қызықсыз жүрген ешкім жоқ...
    Спонсор:
    Өзің айтып, өзің жауап береді екенсің. Менің сендерге батырлар туралы кино түсіруге бөлген демеушілік ақшам жетті ме?
    Завклуб:
    Жетті, бөліп-бөліп, бөлініп-бөлініп кетті.
    Спонсор:
    Ал маған сол киноның бір үзіндісін көрсетші?
    Завклуб:
    Ләппай тақсыр, қазір...Жігіттер!
    /музыка, қолына қылыш қалқан ұстап, екі батыр шығады/
    Спонсор:
    Айналайын-ау, мынауың он жетінші ғасырдың батырларына ұқсамайды ғой.
    1-батыр:
    Енді не он жетінші ғасырдың қатындарына ұқсаймыз ба?
    Ауылда екі батыр қалдық.
    2-батыр:
    Иә, екеуміз қалдық, бәрі қалаға көшіп кетті.
    Спонсор:
    Бұның қайсысы батыр сонда?
    2-батыр:
    Мен!
    1-батыр:
    Сонда мен кім боламын?
    Завклуб:
    Сен батырдың қасында жүрген уәзір боласың.
    1-батыр:
    Сонда не істеймін?
    Завклуб:
    Қырдың басына шығып, жауды қарап қайтасың.
    1-батыр:
    Бізде жау жоқ қой. Ауыл тып-тыныш.
    Завклуб:
    Бар дегесін бар, жауды қарап қайт!
    /1-батыр кетеді/
    Спонсор:
    Сонымен, әрі қарай не болады?
    Завклуб:
    Қазір қызық болады. Айт!
    2-батыр:
    Не айтамын, тақпақ айтам ба?
    Завклуб:
    Жоқ.
    2-батыр:
    Кешегі қыздарға барғанымызды айтайын ба?
    Завклуб:
    Кешегі жаттаған сөздеріңді айт.
    2-батыр:
    Жау келіп қалған жоқ па екен, че то кешігіп жатыр... /деп сағатқа қарайды/
    Спонсор:
    Айналайын-ау, сағатың не? Ол кезде сағат болмаған. Сосын орысша сөйлемеген ғой.
    Завклуб :
    Сағатты, орысша сөзді айтпа...
    Спонсор:
    Сосын, сен батырым, образға кірсейші.../ Батыр кетіп қалады/
    Завклуб:
    Әй, қайда кетіп бара жатсың?
    2-батыр:
    Образға...
    Спонсор:
    Шырағым, бері кел, не істеп жүрсің?
    2-батыр:
    Образдың есігін іздеп жүрмін.
    Спонсор:
    Образда есік деген деген болмайды. Кірмей-ақ қойшы?!
    Завклуб:
    Иә, есігінен кірме, терезесінен кірерсің.
    Спонсор:
    Айналайындар, ешқайда кірмей-ақ қойыңдаршы?
    2-батыр:
    Жарайды, ертең қол тигенде асықпай кіріп шығармын. /Осы арада 1-батыр келеді/
    1-батыр:
    Алақай, алақай, жау келе жатыр! Сүйінші, сүйінші....
    Спонсор:
    Жау келгенде адам сүйінші сұрай ма?
    2-батыр:
    Енді байғазы сұрай ма?
    Спонсор:
    Қорқу керек. Бар кет! /1-батыр қайта кетеді/
    1-батыр:
    Қаш, қаш жау келе жатыр. Жау жағадан асты, жау автовокзалдың қасына келді.
    Спонсор:
    Қандай автовокзал?
    1-батыр:
    Күшті евроремонты бар...
    Спонсор:
    Ол кезде автовокзал болмаған.
    2-батыр:
    Енді ЖД вокзал болған ба?
    Спонсор:
    Стоп! Мыналарың кино емес. Ужас!
    Завклуб:
    Спонсор мырза, ужасты ертең түсіреміз, бұл тарихи оқиға.
    Спонсор:
    Есіл ақшам-ай, босқа кетті-ау! Сендерге спонсор болып нем бар еді?! /Осы арада бір қыз келді/
    Қыз:
    Матор, дубль один. Батырлар. Күшті кино, шым-шытырман оқиғаның басталуы... /деп алақанын ұрады/
    Спонсор:
    Атаңның басы күшті кино! Киноның соңы ужас, киноның басы... / деп айқайлап барлығын алдына салып, сахнадан қуа жөнеледі/

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жанқожа батыр көшесінде құбыр алмастырылып жатыр
  • Ақтөбеде Тілеу батырға ескерткіш орнатылмақ
  • Әлия және Сәңкібай даңғылдарының қиылысы тағы жабылады
  • Жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылды
  • Малкеждар Бөкенбаевқа ескерткіш қойылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге