Конституция мейрамы қарсаңында 15 жұп шаңырақ көтерді

    28 тамыз күні он бес жұп некесін қиюға өтініш білдірген. Оларға неке куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.

    Ел Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қалалық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимараты ерекше сән-салтанатқа бөленді. Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған жас жұбайлармен бірге салтанатты шараға құшақ-құшақ гүлдерін құшақтап, туған-туыстары да ере келген.

    Ата Заңымыздың мерейтойының қарсаңында некелерін қидырушылардың бірі - Петр мен Марина Тарасенколар. 26 жастағы Петр мен 22 жастағы Марина екі жыл бірге жүріп, бір-бірін танып, некелесуге келіскен.
    Жастар өмірлеріндегі маңызды датаның Конституция күнімен сәйкес келгеніне өте қуанышты. Екі жұп болашақта ең кемі үш баланың ата-анасы болғысы келеді.

    - Біз бұл күнді әдейі таңдаған жоқпыз. Бірақ, өмірде бір-ақ рет болатын үйлену тойымыздың осындай айтулы мерекемен қатар келгеніне қуанып тұрмыз. Хал актілерін тіркеу бөлімінен хабарласып, “салтанатты шараға қатысасыздар” дегенде төбеміз көкке жеткендей болды. Барлық жақын-жуығымызға қоңырау шалдық. Бүгін бәрі дерлігі жиналды,-дейді жас шаңырақ иесі Петр Тарасенко.
    Конституция күні қарсаңында некелерін тіркеткен 15 жұпқа қалалық әкімдік ұсынған естелік сыйлықпен бірге неке куәлігі табыс етілді.

    -Ел Конституциясының 20 жыл-дығы - айтулы мереке. Сондықтан Ата Заңымыздың күні осы елдің кішкентай көшірмесі жас шаңырақтарды құттықтағанды жөн деп шештік. Шараның мақсаты - азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша облыстық орталық тұрғындарына қызмет көрсету деңгейін арттыру,-дейді АХАТ бөлімінің сектор меңгерушісі Маргарита Игисенова.

    Маргарита Игисенованың айтуынша, соңғы жылдары Ақтөбеде неке қиюшылардың саны артқан. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 10 826 жұп тіркелсе, биыл осы аралықта 11 мыңға жуық шаңырақ көтерілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе Конституция тойын тойлады
  • Отыз ақтөбелікке мерейтойлық медаль табыс етілді
  • “Ата Заң - алтын Заң” мерекесі
  • 216 жас шаңырақ баспаналы болады
  • Мамыр айында неке қиюшылар күрт азайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге