“Ерке театр” шымылдығын ашты

    “Ерке театр” шымылдығын ашты

    “Алақай” қуыршақ театрында кіші зал жұмысын бастады. “Ерке” театр деп аталатын кіші залдың ашылуынан кейін көрермендердің назарына “Дана табиғат” спектаклі ұсынылды.

    “Дана табиғат” қойылымы экологиялық тақырыпқа арналған. Авторы - Гүлжайнар Қалдина.

    Досбол мен Маржан есімді ағайынды екі бала табиғат аясына шығады. Маржан ақылды болса,
    Досбол тентек, шөптерді аяусыз жұлып тастайды. Жағымсыз әрекетіне кедергі келтірген кірпіні де теуіп жібереді. Қарындасының айтқанына мүлде құлақ аспайды.
    Бір күні ол ессіз далада адасып кетеді.

    Сол кезде оны ағаштың тамыры қылғындырады. Айдалада жанұшырып айғайлағанымен, еш нәтиже болмайды. Аузы кеуіп, шөлдегенде қарлығаш көмекке келеді. Осыдан кейін спектакль кейіпкері Жер-Ананы жылатпау керектігін түсінеді.Сол сәттен
    бастап тентек Досбол табиғат жанашыры болып шыға келеді.

    “Дана табиғат” спектаклінің премьерасына бүлдіршіндер көп жиналды. Кейіпкерлерді сахнаға шықпас бұрын театр актерлері Роза Балғалиқызы мен Дәулет Балапанов дайындаған.

    “Алақайдың” биылғы үлкен жаңалығының бірі - кіші көрермен залының ашылуы. Ендігі жерде екі зал қатарынан бір мезгілде жұртшылыққа спектакль көрсете алады.

    - Кіші зал эксперименттік театр ретінде ашылып отыр. Беташар қойылымына біраз бала жиналды.Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі өте өзекті болып тұр. Сондықтан автор өзекті мәселені қойылымға арқау еткен,-дейді “Алақай” қуыршақ театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Аманша Адасбаева.

    Ақтөбеде қыркүйек айының 21-25 аралығында “Ассалаумағалейкүм-IV” Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі өтеді. Оған Ресей, Белоруссия, Татарстан, Қырғызстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде елу шақты баланы кене шаққан
  • Тахауи театры халықаралық фестивальге барады
  • Жас режиссерлердің республикалық фестивалі басталды
  • Ахтанов театрында әскери драма сахналанды
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге