АЖЫРАСУ ТОЙЫ

    АЖЫРАСУ  ТОЙЫ

    Асаба:
    - Ассалаумағалейкум, ағайындар! Бүгінгі той бұрын соңды болмаған ерекше той. Бұл тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда. Әлі күнге дейін ешкім тойламаған Мисызбаевтар әулетіндегі «Ажырасу тойы» құтты болсын! Қош келдіңіздер! Ал енді той иелерін ортаға шақырайық.
    /Той иелері келеді/

    Той иелері:
    - Құрметті қонақтар, келгендеріңізге рақмет! Бәріңіз де тілекшісіздер. Бұл қызымызды атасы өсірді, екіншіден әкесі өсірді. Бәріміз бірге өсірдік. Ал құда-құдағилар өсіре алмады...

    Асаба:
    - Олай болса, қыздарымызды ортаға шақырайық /жар-жар әнімен/

    Той иесі:
    - Айналайын, мен қызыма берген барлық дүние-мүлікті қайтып алып кетемін. Сосын беташар кезіндегі сәлемін де қайтып алады.

    Асаба:
    - Отыра қалсаң опақ деп,
    Тұра қалсаң сопақ деп,
    Күн көрсетпей күн сайын
    Келін емес келі сап деп,
    Арандатқан енеңнен сәлеміңді қайтып ал....
    /Қыз сәлемін қайтып алады/

    Жеңгенің білмей бағасын
    Айдап салған ағасын
    Отқа майды құятын
    Елге өсек жаятын
    Қайынсіңлі бикештен сәлеміңді срочно қайтып ал...
    /Қыз сәлемін қайтып алады/

    Асаба;
    -Ал енді кезінде қыз алған бас құдамыз келіп отыр.

    Құда:
    - Ал енді шақырғандарыңызға рақмет. Құдағайларың келмей қалды.
    Алтыннан ардақсыз, күмістен салмақсыз, құрметті құдалар Мисызбаевтар әулеті, «Ажырасу» тойларыңа келіп қалдық. Тойларың құтты болсын!

    Асаба:
    - Қандай керемет тілек. Алып қойыңыздар. Ал енді бүгінге дейін төс түйістірген құда болып едіңіздер, енді құйрық қағыстырған құда боламыз.
    /Екі құда үш рет құйрық қағысады/ Бір-екі-үш.... О-о-о ажырасты!

    Енді ортада «ажырасу биі»
    /Музыка ойнатылады. Асаба стол үстінде ұйықтап отырады/

    Жігіт:
    -Асаба, ау асаба, неге ұйықтап отырсыз? Біз сізді іздеп жатырмыз ғой.

    Асаба:
    -Неге?

    Жігіт:
    - Қонақтар билеп болды.

    Асаба:
    - Мәссаған, екінші дастархан бас-талды ма? Мен ұйықтап кетіппін. Қазір барамын. Масқара, жаман түс көріп жатырмын. «Ажырасу тойын» басқарып жатыр екенмін. Тфа-тфа, қазағымнан оның беті аулақ! Қазағымның басына бас қосылып, көбейіп, үйлену тойы бола берсін.
    /«Бол жанымда» әніне билеп кетеді/

    Ұқсас жаңалықтар
  • ОСЫ ЖҰРТ НЕ БОП БАРАДЫ?
  • Шалқарда тостсыз той өтті
  • БАТЫРЛАР
  • Ақтөбеде тостсыз той өтті
  • Ақтөбелік ардагерлер Астанадағы шеруге қатысады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге