31/5/2018

    Ақтөбеде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгі қойылады

    Ақтөбеде ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгі орнатылмақ. Бұл туралы облыстық мәдениет және құжаттар басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева мәлімдеді.

    31/5/2018

    Ақтөбеде 1800 адам атылған

    31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Өткен ғасырдың 30-50 жылдарында Ақтөбе бойынша 8 мыңға жуық адам “халық жауы”, “алашордашылар” деген айыппен тұтқындалып, тергеуден өткен. Оның ішінде 2011 адам ату жазасына кесілген. Еліміздің зиялы азаматтары жазықсыз жабылған жаланың құрбаны болып кетті. Ал 38-ші жылдары халықтық сипат алған жазалаудан 100 мың қазақстандық түрмеге қамалып, 30 мыңға жуығы атылып кеткен. Олар негізінен қазақ ғалымдары, жазушылары, мемлекет қайраткерлері еді.

    31/5/2018

    Күйеу таңдаудағы басты қағидалар

    Әрбір бойжеткен үшін бала сүйіп, күйеуге шығу – өмірдегі басты мақсаттардың бірі. Ерте кезеңдердегі қызына ата-ана жұбай таңдап, кіммен құда болатынын шешіп қоятын дәстүрлер түбегейлі жоғалған. Әр ару өз тағдырын өзі таңдай алады. Сезімге беріліп, ғашықтықтың көзсіз соқырлығымен таңдау жасауда қателесіп кететін құрбыларымыз да аз емес. Махаббат – ғажайып сезім, алайда, неке – алдағы тіршілігің мен өміріңнің кепілі.

    24/5/2018

    Кешірім сұрау - бақыттың баспалдағы

    Жүрегімізге жақын адамдардың назын тыңдап отырған кезде, олардың кекшіл екенін байқаймыз. Өздеріне жасаған жақсылықтарды көп еске алмаса да, жамандықтарды мәңгілік жадында сақтап өтеді. Кешіре білу - бізге жасаған опасыздықтарды ұмыту немесе оларға бой ұсыну емес, осының барлығын қабылдап, өмірдің жаңа ақ парағын ашу.

    17/5/2018

    Ақ лайнерге үміт артқан қос ғашық

    2005 жылы Болат пен Айнұр туралы БАҚ-та жазды, ақындар да жырлады, халық та тебіренді. Жүрегі қатты адамның өзін езіп жіберетін 13 жыл бұрынғы оқиға ата-ананы естерінен тандырып, күллі қазақ халқының қабырғасын қайыстырды. Шынашақтай қыз бен батыр тұлғалы жігіттің есімдері тарихта алтын әріптермен жазылды. Сол ма еді керегі?...

    17/5/2018

    Қасиетті Рамазан айы басталды

    Адамдар үшiн тура жолды түсiндiрiп, ақ пен қараны, сауап пен күнәні, ақиқат пен жалғанды, жақсы мен жаманды айырушы, жаман қылықтан сақтандырушы, Құран Кәрiм түсiрiлген қасиеттi Рамазан айы да келіп жетті. Бұл қасиетті айда күллi мұсылман үмбеті Алла Тағала алдындағы парызы саналған Рамазан оразасын ұстайды.

    17/5/2018

    Отбасы берекесін сақтау үшін...

    Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан, ондағы берекені, татулықты, тыныштықты сақтау оңайға соға бермейді. Өмірдің небір дауылдарына бірлесе төтеп беру, қиын сәттерде бір-біріне демеу болу, бүгінде көпшілік отбасыларда таптырмайтын нәрсе.

    11/5/2018

    Георгий лентасы туралы не білесіз?

    Жылдағы дәстүр бойынша, Жеңіс күні қарсаңында сары-қара түсті Георгий баулары сәнге айналады. Сән дегеннен гөрі, арнайы науқан десе де болғандай. Себебі, тұрмыстық құралдардан бастап, көше, тіпті көліктерге дейін осы ленталармен көмкеріледі. Ленталар тегін таратырылып, қара және қызғылт сары түске боялған суреттер, жарнамалар көбейе бастайды.

    11/5/2018

    Белгісіз батыр

    Екінші дүниежүзілік соғыстың бізге белгісіз беттері әлі көп. Хабарсыз кеткен боздақтар, “қара қағаз” келіп, кейін Қиыр Шығыстың бір жерінде –үйлі-баранды болып кеткен қазақ, моласының қай жерде қалғаны да белгісіз жауынгер, тұтқынға түсіп, елге қайтудан қорқып шетелден мәңгі тыныс тапқан тағдырлар... айта берсек, көп. Соңғы кездері интернеттегі “Мемориал”, “Поиск воинов Казахстана” деген сайттар арқылы көптеген белгісіз жауынгерлердің хабары шығып жатыр. Редакцияға қоңырау шалған ырғыздық оқырманымыз Ғазизбек Тұрмағанбетов өзінің жақын туыс атасы - Қанымбаев Абзалдың соғыстан оралмағаны, жалпы ол кісінің қиын да қызық тағдыры жайлы әңгімелегенде, елең ете қалдық. Көп ұзатпай соғыс құрбаны Абзал Қанымбаевтың қарындасы, ағасының қызы- Күлзәлипа Сұлтанғалиқызын тауып алдық.

    11/5/2018

    Соғыс жалмаған балалық

    ...Біз соғысты көрген жоқпыз, естідік, Соғыстан соң туғандармыз, Етек жауып, ес біліп. Соғыс үні жетім болып, жесір боп, Тұратындай әлі бізге естіліп…



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге