4/5/2017

    Колледж түлектері жұмыссыз қалмайды

    Биылдан бастап елімізде кәсіптік-техникалық білім беру тегін болады. Бұл мақсатқа 84 мың оқу гранты бөлінеді. Яғни, білім іздеп қалаға келген ауыл жастарына мемлекет мейлінше көмек көрсетуге дайын. Басты мақсат – тұрмысы нашар отбасынан шыққан, біліктілігі жоқ жастардан еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы маманды дайындау. Бұл тұрғыда 70 жылдық тарихы бар Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің өзіндік орны бар. Облыста кәсіптік білім беру көшін бастап келе жатқан, халық арасында “құрылысшылар ұстаханасы” атанған оқу орнының директоры Жанкелді Мырзағараұлы Қалқаманды сөзге тартып көрген едік.

    28/4/2017

    Орынбор қаласынада Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

    Шекаралық ынтымақтастық тарихында алғаш рет Орынборда Ақтөбе облысының күндері өтуде. Ақтөбе облысынан барған делегация Орынбор қаласында ауқымды іс-шаралар өткізуде. Бқл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    27/4/2017

    Абсурд жайлы әңгіме

    20-21 сәуір күндері Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен “ЭКСПО-2017” Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасында II Республикалық “Балауса” эксперименталды қойылымдар фестивалі өткізілді. Фестивальге республикамыздың әр шетінен жиналған тоғыз театр ұжымы қатысты.

    13/4/2017

    Қарттар үйінен қосағын тапқандар

    Тағдыр айдап, қарттар үйіне түскендер арасында өмірлік жұптарын осы жерден жолықтырғандар бар. Бауыр еті баласы өзегінен теуіп, тағдырдың өтінде қалып қойған қарттар да қартайған шақтарында жалғыздықтан осылай сақтанады екен. “Керек.info” газетінің тілшісі Ақтөбе облыстық қарттар мен интернат үйіндегі жұптасқан қариялармен тілдесіп қайтқан болатын.

    13/4/2017

    Саясатсыз спектакль сахналанды

    Ақтөбеден шыққан сатирик-жазушы Төрежан Меңдібай 80 жасқа толды. Жерлесіміздің мерейтойы құрметіне Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында “Құрдастар” спектаклі сахналанды. Спектакльдің режиссері Елтай Кемал, суретшісі Айбек Орынбасаров.

    30/3/2017

    Т.Ахтанов театры драма емес, құрамаға айналды

    27 наурызда әлем бойынша театр күні тойланады. Бұл күні театрға қатысы бар барлық қызметкерлер өз кәсіби мерекелерін шат-шадыман тойлайды. Ақтөбе облысынан шыққан белгілі драмматург Тахауи Ахтановтың атын иеленген драма театры бұл күнді қалай атап өтті? Ақтөбеліктердің театрға деген махаббаты қандай дәрежеде? Бір шаңырақ астына жиналған үш театрдың әртістері қалай өмір кешіп жатыр? Осы сұрақтарға “Керек.info” тілшісі жауап іздеп көрген болатын.

    16/3/2017

    Ұлттық тағамда ұлылық бар

    Көктем келіп, жер аяғы кеңіген сәттен-ақ Наурыз мерекесі тойланады. Молшылық пен берекенің, бақ пен ырыстың белгісі ретінде халықтың арқа-жарқа көңілденіп, бір-бірін алыстан іздеп келетін керемет мерекесі – Жаңа жыл Наурыз. Жаңа жылды жақсы ырыммен, адал ниетпен, ақ адал көңілмен қарсы алатын әр қазақтың төріне дастархан жайылып, ұлттық тағам – Наурыз көже асылады. "Керек.info" газетінің тілшісі ұлттық тағамдарға жаңаша рең беріп, заманауи тұрғыда дайындап жүрген Қалауша Садықованың асханасында болды. Қалауша Садықова редакциядан келген қонақтар үшін арнайы Наурыз көже дайындап берді.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге