16/3/2017

    Амал келді - аман көрдім!

    14 наурызда Қазақстанның батыс өңірі көрісу күнін тойлайды. Әсіресе Маңғыстау облысында бұл мереке “Амал” деген атау иеленіп, Отпан таудың басында адайлар бірлік тойын тойлайды. Ақтөбенің өзінде кей аудандар көрісу күнін білмейді. Дегенмен, 14 наурызда бір-бірін көрсе, айқара құшағын жайып, қол алысып жататын ақтөбеліктер жоқ емес. Жалпы Көрісу күні деген не? Бұл туралы “Керек.info” газетінің тілшісіне белгілі тарихшы Айшуақ Дәрменұлы жауап берген еді:

    16/3/2017

    Ақтөбеде алғаш рет “Тілеу батыр” драмасы қойылады

    Қазақ тарихында батырлығымен ел есінде қалған ерлер аз емес. Аңыздан оралған Қобыланды батырдың өзі ұлттық рухтың шынайы көрінісі деуге болады. Сондай батырлардың бірі Тілеу батыр туралы биыл Ақтөбеде алғаш рет тарихи драма сахналанады. Бүгін алғашқы премьерасы өтетін қойылымның ақтөбеліктер үшін маңызы зор. Өйткені, Тілеу батыр – Ақтөбе топырағында туған ер.

    10/3/2017

    Ақтөбенің атақты әйелдері

    Ақтөбе өңірі батырлары және ақындарымен ғана белгілі емес. Туған топырағымыздан шыққан атақты әйелдер туралы не білеміз? Ерімен бірге үзеңгілес боп, жаудың бетін қайырған сонау Бопай ханымнан бастап, бергісі құралайды көзге атқан мерген Әлиямен жалғасатын тектіліктің жібі әлі де үзілген емес. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ақтөбе тарихындағы атақты әйелдер туралы біраз шер тарқатып көрейік. Назарыңыз бізде болсын, оқырман.

    10/3/2017

    КӨКТЕМ. АРУ. ГҮЛДЕР

    Әлемнің тұтқасы – әйелде. Әйелдің бәрі әдемі. Әйелдің сұлулығы ақындардан жыр боп құйылса, суретшілердің қаламына шеберлік сыйлайды. Әйел бейнесі – суретшілерді барлық дәуірде қызықтырған ең ыстық, ең шабытты тақырыптардың бірі. Бұл тақырып әйелдің сұлулығы секілді мәңгілік.

    2/3/2017

    Қазақша балет көрсетілді

    Мың бұралған балериналар қазақтың ұлттық киімімен биледі. Ақтөбеліктердің назарына “Астана балет” өз репертуарындағы билерден поппури ұсынды. Үздік балериналар қазақтың ұлттық киімімен сахна төріне шықты.

    9/2/2017

    Алға ауданында 124 адам салафизм бағытын ұстанады

    Ақтөбе облысының Алға ауданында 124 адам дәстүрлі емес дін жолын ұстанады. Өткен жылы теологтардың үгіт-насихат жұмыстарының арқасында 13 тұрғын дәстүрлі исламға қайта оралды. Бұл жөнінде журналистермен кездесу кезінде Алға ауданының әкімі Мавр Абдуллин айтты

    9/2/2017

    Адамның есімі тағдырына әсер ете ме?

    “Атың кім?” Бұл сұраққа тілі шыққан баланың бәрі жауап береді. Және өмір бойы жауап беруге тура келеді.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге