26/1/2017

    Мақсат Байжарқынов: Біз тәртіпке сай қызмет етіп келеміз

    Қаланың қақ ортасында орналасқан “Нұрдәулет” орталығының алдындағы ойын алаңдарын алып тастау туралы билік шешім шығарған еді. Ал облыс аумағына танымал, “Нұрдәулет” жеке қайырымдылық қорының төрағасы Мақсат Байжарқынов ойын алаңы балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, жиырмаға жуық жастарды жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді

    12/1/2017

    Қоштаспайықшы екеуміз...

    Жұлдыз Қазихан – 1986 жылы 30-қарашада Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Толыбай ауылында дүниеге келген. Өлең - жырға жастайынан құмар қыз қалың көпшілікке айтыс өнері арқылы танымал. Бірнеше облыстық, республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Қазіргі таңда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде оқытушы, филология ғылымдарының магистрі

    15/12/2016

    Кілт

    Газ деген - жалқау жұртқа таптырмайтын тамаша отын болды. Қара сіріңкені қарнынан тартып жіберіп, тақай қойсаң болғаны, спиртше жанады. Сосын қазаның пышақ қайрағандай қайнайды. Көбігін қалқып кел де, жата бер.

    25/11/2016

    Тәуелсіздік мерекесіне орай әуеге 25 мың шар ұшырылды

    Ақтөбеде “Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” мерекелік шараларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Әуеге 25 мың шар ұшырылып, ұлттық құндылықтар насихатталды.

    25/11/2016

    Жиналыс

    Ата- аналар жиналысына бұл жолы да сөктей екшеліп кілең бір кемпірлер келді. “Алпыста айлап қартаясың” демекші, адам сексенде күніге, тоқсанда сағат сайын қартаяды екен. Қызтумас бұл жолы қолтықтап демеуге жарамай, екі немересін жегіп, қол шанаға мініп келді. Ұлтуарды да уақыт мүжіп тастаған тәрізді. Екі аяқтың және екі таяқтың күшімен халқымен әрең жүздесті. Қалған кемпірлердің де оңып тұрғаны шамалы. Құлаған моладай опырылған тістерінің арасынан қарлыға шыққан “Уһк, аһх” деген дыбыстары ғана естіледі. Бәрінің де құр сүлделері жеткен сияқты.

    18/11/2016

    Есек кешкен

    Алдымды түспен болжай беремін. Мұндай киелі қасиет маған оныншы сынып оқып жүргенімде дарыды. Түсіме бір қыз енетін де жүретін. Түсіме енгені бар болсын, жаныма жоламай жүретін. Алыстан арбап шақырғандай болатын. Жақындасам қашып, тілін шығарып мазақтап кететін. Өңімде де сөйтті. Мазақтап кететін иттің қызы.

    4/11/2016

    Ақтөбеде 100 қарияға арналған той өтеді

    Ақтөбедегі қарттар үйінде тұратын қариялар үшін арнайы той ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Қайырымды жандар” еріктілер тобының жетекшісі Айдын Тоқсанбаева хабарлады.

    4/11/2016

    Таныстық

    Аудандық оқу бөлімінің инс-пекторы Телпекбай аяқ астынан облыстық оқу бөліміне, тура Қостан Бостановичтің өзіне орынбасар болып шыға келді. Бірге қызметтес жолдас-тар мұның Қостан Бостановичке қандай алпауыт таныс тапқанын біле алмай дал болысты.

    21/10/2016

    Қыз алғанбыз, Аралдың ар жағынан

    Бойдақ жігітке қашан да қыз ереді. Қыз ермесе, сөз ереді. Отызға келгенше үйленбей жүрген Ошақбайды көрсе жұрт, “әйелден хат-хабар жоқ па? Отыра- отыра төркініне бауыр басып кететін болды ғой” деп қағытады. Ал құрдастары болса:



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге