“Көшпенділер шайқасы-6” халықаралық кәсіпқой турнирі өтті

    Ақтөбенің “Қоныс”спорт кешенінде 19 қыркүйекте ережесіз жекпе-жектің ММА нұсқасы бойынша ҚР ІІ турнирі өткізілді. Сондай-ақ, “Көшпенділер шайқасы-6” халықаралық кәсіпқой турнирі өткізілді.

    19 қыркүйекте өткен финалдық бәсекеде көрермендер 12 жекпе-жектің куәгері болды. Оның жетеуі ҚР кубогы турнирі болса, бесеуі “көшпенділер шайқасы-6” турнирінің жүлдесін сарапқа салды.

    Жалпыкомандалық есепте Ақтөбе бірінші орынды иеленді. Үш алтын, бір күміс жүлде ақтөбелік спортшыларды бірінші орынға жайғастырды. Бір алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдені иеленген қарағандылық спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші сатыда. Үздік аймақтардың үштігін БҚО түйіндеді. Олардың еншісінде 2 алтын жүлде бар.
    Ал “Көшпенділер шайқасының” қатысушылары да жүлдесіз қалған жоқ. Ақтөбелік спортшылардың арасынан 71,3 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Біржан Мұхамбет қырғыз қарсыласы Әділет Таалайбекұлын техникалық нокаутпен жеңді.
    Аталмыш кештің басты жекпе-жегі ақтөбелік Гойти Даззаев пен ресейлік Алексей Сусаев арасында өтті. 2015 жылғы ММА нұсқасындағы Азия чемпионы Гойти Даззаев қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберді.
    Жеңімпаздарды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттап, ақтөбелік спортшыларға алғысын білдірді. Жеңімпаз гауһар таспен марапатталды. Гойти бұл құнды сыйлықты анасына сыйлауды жөн көріп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ережесіз жекпе-жек турнирі өтеді
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошы қола жүлде иеленді
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Ақтөбеліктер ММА жүйесінде жүлде еншіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге