Ақтөбелік жас боксшылар олжалы оралды

    Ақтөбелік жас  боксшылар олжалы оралды

    Атырауда өткен бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы ашық турнир мәресіне жетті. Ақтөбелік боксшылар 60 және 63 келі салмақта сәтті өнер көрсетті.

    2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы ашық турнирде ақтөбеліктер барлығы 9 медаль иеленді. Оның екеуі алтын, біреуі күміс және алтауы қола жүлде. Қола жүлдегерлер Никита Сачивой (75 келі), Мерей Жайшылықов (70 келі), Нұр Қылышбай (63 келі), Нұрлыхан Бертайз (63 келі), Ғанибек Орынбасар (60 келі), Орақ Кәкенов (54 келі)атанды. Аталмыш турнирде жартылай финалдан финалға өте алмаған қос спортшыға да қола жүлде берілген болатын.

    Ақтөбеліктердің қатарында жалғыз күміс жүлдені иеленген 60 келі салмақта өнер көрсеткен Әли Есенов. Ол финалда өзінің командаласы, ақтөбелік Қасымжомарт Сағатбекке есе жіберіп, екінші деңгейлі жүлдені қанағат тұтқан болатын.

    Алтыннан алқа таққандар саны екеу. 60 келіде жоғарыда айтқанымыздай, Қасымжомарт Сағатбек жеңсе, 63 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Абдолов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ,
    60 және 63 келі салмақ ақтөбелік боксшылар үшін де сәтті болды. Дәл осы екі салмақта боксшыларымыз екі алтын, бір күміс және үш қола жүлде иеленді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошы қола жүлде иеленді
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Бокстан Ақтөбе облысының құрамы анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге