Есептелмеген гол, мардымсыз ойын, тағы да жеңіліс ...

    ҚПЛ 28-ші туры аяқталды. Маусымның соңы таяп қалған тұста ақтөбелік ұжым тағы да ұпай жоғалтты. Бұл жолы “Ақтөбе” ФК сырт алаңда шымкенттік командамен кездесіп, 2:1 есебімен жеңілді.

    “Ордабасы” – “Ақтөбе” матчына шолу

    Иоан Андоне команда тізгінін ұстағалы бері бірнеше мәрте эксперимент жасап көрді. Бұған дейін өздігінен ойыншыларды түрлі позицияда ойнатса, бұл ойында футболшылар өзге амплуада өнер көрсетті. Алматылық “Қайрат” ФК қарсы өткен матчта қызыл қағаз алуына байланысты, команда капитаны Юрий Логвиненко бұл ойыннан сырт қалды. Юрий жоқта капитандық міндетті атқаратын Марат Хайруллин де бұған дейін жарақат алған болатын.

    Шабуылға үлкен дем беретін сол қапталдағы қорғаушы Андерсон Сантана сары қағазының көптігінен бұл ойынға қатыса алмады. Шабуыл шебінің тұрақты ойыншысы Данило Неко болса, қазір ауыр жарақатынан айығуда. Дмитрий Мирошниченко да бұл ойыннан сырт қалуға мәжбүр. Бес бірдей негізгі құрамның ойыншысы қатыса алмағандықтан, бас бапкер өзге ойыншыларды ойнатуға мәжбүр болды. Биылғы маусымда команда ойыны мардымсыз жүруде. Ойын сайын 1-2 голдан артық соға алмайтын ақтөбелік ұжымның биыл чемпиондық атаққа қол жеткізуі екіталай болып тұр.

    Ойынның 39 минутында алаң иелері есеп ашты. Қапталдан көтерілген пасты айып алаңға кіре берістен тепкен Эдин Юнузович Покатиловтың қақпасына гол соға білді. Екінші тайм басталысымен, ойынның 57-ші минутында Маркос Пиззеллидің пасын голға айналдырған Сергей Хижниченко есепті теңестірді.

    Жанкүйерлер мен футбол саласының майталмандары бұл ойынды көп талқылады. Өйткені, ойынның 59-шы минутында Сергей Хижниченко екінші мәрте гол соққан болатын. Данилоның қапталдан көтерген добын баспен қақпаға бағыттап, екінші голын соқты. Алайда, қапталдағы төреші доп әуелей ұшқанда сызықты кесіп өтті деп есептеп, бұл гол саналмады. Бұл оқиға ақтөбелік жанкүйерлердің ғана емес, өзге өңірдегі футбол көрермендерінің наразылығын тудырды.

    Ойынның нүктесін қойған гол соңғы минутта соғылды. Қосымша уақыттың соңғы минутында шымкенттіктердің сапынан Касьянов допты қақпаға баспен бағыттап, өз командасына үш ұпай сыйлады.

    Ойынның қорытындысы бойынша “Ордабасы” ФК ақтөбеліктерден ұпай айырмасын екі ұпайға дейін қысқартып, турнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді.

    Естеріңізге сала кетейік, екі апталық үзілістен соң турнир қайта жалғасын таппақ. Командалар енді 4 кездесу өткізіп, жылды қорытындылайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жарақат, қызыл қағаз, жеңіліс... “Қайрат” – “Ақтөбе” матчына шолу
  • “Ақтөбеде” 28 ұпай
  • “Ақтөбе” өз алаңында “Қайсарға” есе жіберді
  • Көп күттірген жеңіс
  • “Ақтөбе” ФК ең үздік матчы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге