Қазақстан бесінші сатыда

    Қазақстан  бесінші сатыда

    “Еуро-2016” іріктеу кезеңінің соңғы ойынын Латвия құрамасына қарсы өткізіп, 0:1 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан ұлттық құрамасы өз тобында бесінші сатыда турнирді аяқтады.

    Ұлттық құрамаға шақырту алған ақтөбелік клубтың үш өкілі де алаңға негізгі құраммен, алғашқы минуттардан бастап шықты. Олар қақпада Стас Покатилов, қорғаныста Юрий Логвиненко және шабуылшы Сергей Хижниченко. Сергей ойынның соңғы минуттарында алаңдағы орнын Алексей Щеткинге босатса, қалған екі ойыншымыз барлық 90 минут бойы алаңда доп тепті.

    Ойынның алғашқы бөлігінде төрешінің ысқырығынан соң алаң иелері белсенділік танытқан. Алайда, қысқа уақыт ішінде
    отандастарымыз ес жиып, допқа иелік ету көрсеткішін арттыра түсті. Алғашқы таймның өзінде Қазақстан құрамасы алты рет қақпаға соққы бағыттап үлгерді. Оның төртеуі қақпаға дәл бағытталған. Қазақстандықтардың төрт дәл соққысына алаң қожайындары бір ғана дәл соққымен жауап қайтарды.

    Екінші таймда ойын өрнегі өзгере қоймады. Қазақстандықтар бірде басымдықты қарсыласқа беріп қойса, бірде өз қолдарына алып, толассыз шабуыл жасады. Нәтижесінде ойынның 65-ші минутында айып алаңға жақын тұста пас алған Исламбек Қуат қақпаға қарай таласып барып, алыс бұрышқа тепті. Бұл соққыға қорғаушы да, қақпашы да тосқауыл бола алмады. Бұл ойындағы жалғыз гол осы болатын. Ойынның негізгі уақытына қосымша 6 минут қосқанның өзінде қазақстандықтар шыдап бақты.

    Нәтижесінде биылғы Еуро кезеңіндегі алғашқы жеңісін тойлады. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде алтыншы орыннан бесінші орынға ауысты. Бұл басымдық келесі Еуромаусымда жеребе кезеңінде Қазақстан футболы дамушы елдердің алдына шығады деген сөз. Жеребе тарту кезінде енді ұлттық құрамамыз бұрынғысынша алтыншы себетте емес, бесінші себетте орналасады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Есептелмеген гол, мардымсыз ойын, тағы да жеңіліс ...
  • Үш ойыншы Ұлттық құрамаға шақырту алды
  • “Ақтөбеде” 28 ұпай
  • “Ақтөбе” ФК өз алаңында алғашқы жеңісін тойлады
  • Қазақстан-Португалия 3:1
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге