Жас палуандар екі қола мен бір күміс иеленді

    25 қазан күні өткен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл туралы doda.kz хабарлайды.

    11 түрлі салмақта өткен белдесулердің нәтижесі белгілі болды. Ақтөбелік палуандар арасынан 32 келі салмақ дәрежесінде Әзімғали Саматбек үшінші орын алды. Дәл осы салмақта тағы бір қола жүлденің иесі шығыс қазақстандық Елдос Камелов. Бұл салмақта финалда қос алматылық спортшы кездескен болатын. Исхар Құрбаев пен Бахтияр Тұраров арасындағы белдесуде Құрбаев жеңімпаз атанды.

    Тағы бір қола иеленген ақтөбеліктің есімі Дінислам Сағитжанов. 35 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы алматылық Мерей Мауленхановпен бірге үшінші орынды қанағат тұтты. Олардың қарсыластары қызылордалық Наурыз Абиболла күміс жүлде иеленсе, ақмолалық Азиз Ғасымов алтын иеленді.

    Ең жоғары нәтижені 85 келіде өнер көрсеткен Ақылбек Жәнібекұлы көрсетті. Ол қарсыласы оңтүстік қазақстандық Ерсұлтан Бекболатовқа есе жіберген болатын. Осылайша ол күміс жүлденің иесі атанды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік жас боксшылар олжалы оралды
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошылар жүлдемен оралды
  • Талдықорғанда бокс чемпионаты аяқталды
  • Әйелдер арасындағы бокс чемпионаты аяқталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге