"Ақтөбе" ФК тоқырау кезеңі басталды ма?

    "Ақтөбе"  ФК   тоқырау  кезеңі басталды ма?

    10 қараша күні ақпарат көздері "Ақтөбе" ФК ішкі тоқырау кезеңінің басталғанын жарыса жазды. Республикалық ақпарат порталдары таратқан жаңалықтың ешқандай ресми мәліметі жоқ.

    Команда құрамында тек жергілікті мектеп түлектері мен трансферлік бағасы арзан ойыншылар ғана қалмақшы. Осы сарындағы мақаланы республикалық vesti.kz порталы жариялады.
    Сондай-ақ, ақпарат көздерінде бас бапкер Иоан Андоненің келісімшарты тоқтатылғандығы туралы да жарық көрді. Осы және өзге де ақпарат көздеріндегі мақалалар жайлы клубтың баспасөз хатшысынан сұраған болатынбыз.

    Асхат Қалжанов"Ақтөбе" ФК баспасөз хатшысы:
    “Бұл ақпараттар жөнінде әлі нақты ештеңе айта алмаймын. Толық ақпаратты жұма күні (13 қараша - ред.) айтамын”,-деді.
    Клубқа жақын ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл жаңалықтар шындыққа жанасады. Ойыншылардың басым бөлігі трансферге қойылған. Келісімшарты созылған Пиззелли, Неко секілді легионерлерге де төлейтін ақша жоқ. Келер маусымда команда бюджеті біраз қысқаратын көрінеді.
    "Ақтөбе" ФК және Қобыланды батыр атындағы орталық стадион жекенің қолына өтуге дайын. Бұл туралы бұйрық та шығарылды. Қазіргі клубтың бағасы - 1 теңге. Оны сатып алған жағдайда қалған шығындарын толық көтеруіңізге тура келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • МС Сайлаубек салған ылаң
  • “Ақтөбенің” сәтсіз сериясы немесе соңғы екі аптаға шолу
  • Асхат Тағыберген №17
  • Трансферлік кезеңде “Ақтөбеге” қандай ойыншы керек?
  • “Ақтөбе” ФК алаң ауыстыруы мүмкін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге