Қазақстан жастары қырғыздарды екі рет жеңді

    Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан футболдан Қазақстан жастар құрамасы екі рет жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

    Екі кездесуде де Қазақстан құрамасына қырғызстандық жастар қарсылас болды. Алғашқы кездесуде қазақстандық команда 1:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде айқын жеңіске жетті. Есеп 3:0. Екінші ойында гол соққандардың бірі - ақтөбелік жас футболшы Дидар Жалмұқан. Дидар Талғарда жүріп, Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сұқбат берген болатын.

    Дидар Жалмұқан: Құрама намысын қорғау – үлкен абырой
    - Менің ойымша, ойын ортасында алаңға шыққан футболшылар жақсы ойнады. Олардың қосқан қарқынының арқасында Қырғызстан жастар құрамасының қақпасына шабуылды күшейтіп, жеңіс голын соға алдық.

    - Матч алдында Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис қандай нұсқаулар берді?
    - Жаттықтырушылар штабы қарымта шабуылға көңіл бөлуді сұрады. Яғни, қорғаныста сауатты ойнап, жылдам шабуылға шығу. Өйткені, іріктеу турнирінің ресми матчтарының ойындары дәл осындай үлгіде өтеді.

    - Оқу-жаттығу жиыны қалай өтуде? Маусым аяқталып қалды, шаршаған жоқсыздар ма?
    - Біз күніне екі рет жаттығу жүргіземіз. Жаттығу уақыты ұзақ емес. Алайда, арасы жақын. Қатты шаршаған жоқпыз. Мұндай сәттер көлеңкеде қалады. Өйткені, құрама намысын қорғау - үлкен абырой.

    - Оқу-жаттығу жиынына бірнеше жаңа футболшылар шақырылды. Олар командаға тез бой үйретті ме?
    - Біздің ұжымда достық қарым-қатынас орнаған. Сол себепті жаңа футболшылар жылдам бой үйретті. Оның үстіне олардың басым бөлігімен жасөспірімдер арасындағы ҚР Біріншілігінде, сонымен қатар, дубль құрамының матчтарында ойнадық.

    Естеріңізге сала кетейік, Дидар Жалмұқан “Ақтөбе” футбол мектібінің түлегі. Ол негізгі құрамда 2014 жылдан ойнап келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үш ойыншы Ұлттық құрамаға шақырту алды
  • Дидар Жалмұқан №73
  • “Ақтөбелік” 6 ойыншы Ұлттық құрамаға шақырылды
  • Андоненің алғашқы қадамы немесе командада не өзгерді?
  • Эстония сапары алдында әкім футболшылармен кездесті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге