Лионель Месси бесінші рет “Алтын доп” иегері атанды

    11 қаңтар күні кешкісін 2015 жылдың ең мықты футболшысы белгілі болды. Бұл атақтан үш футболшы Лионель Месси, Криштиану Роналду мен Неймар үмітті еді.

    Соңғы жылдары жанкүйерлер “Алтын допта” кім мықты атанады?” деп емес, “Роналду мен Мессидің қасында кім болады?” деп бас қатырып жүрді. Өйткені, Роналду және Мессидің “Алтын доп-тан” үміткер болуы үйреншікті жағдайға айналып кеткен. Екеуінің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесі мамыр айында-ақ белгілі болады. Егер “Реал” Чемпиондар Лигасын ұтса, онда “Алтын допты” Криштиану алып кетеді. “Барселона” жеңсе, бұның жауабын өзіңіз де білесіз.

    ФИФА-ның “Алтын добы” бір күндік беделді жарнама секілді. Костюм киген Роналду мен Мессиді көруге футболдағы инсайд пен офсайдты ажырата алмайтын көрерменнің өзі асық. Өйткені, оларды бәрі таниды, оларды бәрі ұнатады. Сондықтан жыл сайынғы Цюрихтегі бақталастық ФИФА үшін өте қажет.
    Биыл Неймарды үздік үштікке қоспау мүмкін емес. Бразилиялық ойыншы жемісті ойын көрсетіп, бірнеше сатыға көтерілді. Бірақ Роналдудан бөлек үздік үштікке лайық Лиус Суарес те бар еді.
    Бұдан басқа 10 минуттың ішінде бес гол соққан және Польша құрамасын Еуропа чемпионатына сүйреп әкелген Роберт Левандовски айтылмай қалды.

    Қақпашы Джанлуджи Буффонды бәрі таниды, бірақ үнемі ол да ұмыт қалады. Оның керемет ойын көрсетуі үйреншікті дағдыға айналғаны соншалық, оның жасын да, оның “Алтын допқа” үміткер болмайтынын да ешкім байқамайды.
    2015 жылғы қорытынды бойынша Лионель Месси – үздік футболшы атанды. Ол осымен бесінші рет “Алтын допқа” қол жеткізіп отыр. Мұның алдында ол 2009, 2010, 2011, 2012 жылдары марапатталды.

    Айта кетейік, сол күні Цюрихте ер адамдар командасының ең үздік футбол бапкері де белгілі болды. “Барселонаның” бапкері Луис Энрике үздік болып шықты. Бұл марапат үшін Хосеп Гвардиола (“Бавария”) және Хорхе Сампоали (Чили құрамасы) үміткер болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Азия чемпионатының екі алтыны Ақтөбеде
  • Полиция үздік спортшыларын анықтады
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Бізде 153 “Алтын белгі” бар!
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге