Бір мезетте он мың адам жаттығу жасады

    Бір мезетте он мың адам жаттығу жасады

    5 ақпан күні Ақтөбе қаласының барлық оқу орындарында үлкен флешмоб өтті. Оған 10 мыңнан астам жас қатысты.

    Бұл шараға қаланың 50-ден астам мектебі қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтындығын танытты. Солардың бірі - №40 қазақ орта мектебі.
    Шараның басты мақсаты – ел болашағы – жастардың бойында денсаулық пен спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты кең түрде насихаттау.
    5 ақпан күні 10 мыңнан астам оқушы мен студент бір мезетте таңғы жаттығу жасады.
    №40 мектепте жаттығу жасамас бұрын алдымен 5-6 кластың оқушылары би билеп, көпшілікті өз өнерлерімен таңғалдырды. Би билеген қыздардың арасында
    5 класс оқушысы Элеонора Тажбенова болды.

    - Халықаралық би орталығына барып, би өнерін үйреніп жүрмін. Флешмобқа үлкен жауапкершілікпен он күн бойы дайындалдық. Негізі қыздарға мен үйреттім биді. Олар өз кезегінде тез қағып алды. Сондықтан барлығымыз бірлесіп жұмыс істедік,-деді ол.
    Облыстық жастар саясаты жанындағы жастар ресурстық орталығының бас маманы Айгүл Есетованың айтуынша, мұндай шаралар жыл бойы жалғасады. Ай сайын өткізу де жоспарда бар.

    - Салауатты өмір салтын насихаттауда бірталай жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өткен аптада дене шынықтыру пәнінің апталығы өтті. Сол апталықта шаңғы жарысы, намыс дода секілді түрлі спорт шараларына тек оқушылар емес, сонымен қатар мектептің барлық мұғалімдері де қатысты,-деді №40 орта мектептің директоры Бауыржан Сарин

    Ұқсас жаңалықтар
  • Арын мектебі Ахтанов театрында
  • Ақтөбе жастары: Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
  • Автобустағы акция
  • Салауатты өмір салтын ұстан!
  • МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге