Таеквондошылар жүлделі оралды

    Таеквондошылар жүлделі оралды

    Мәскеуде өткен халықаралық чемпионатта ақтөбелік таеквондошылар Олимпиада даярлау орталығының намысын қорғай білді. Нәтижесінде үш спортшы алтын медаль жеңіп алды.

    30-31 қаңтар күндері Мәскеу қаласында таеквондодан халықаралық турнир өтті. Оған жастар мен ересектерді қоса есептегенде 600-ден астам адам қатысқан. Ресей, Украина, Белоруссия, Эстония, Польша, Чехия, Словакия елдерінің спортшылары күш сынасты. Бұл жарыс Азия чемпионатына алдын ала дайындық іспеттес.
    - Оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде болғандықтан, осындай жеңістікке жеттік. Жарысқа қатысуға мүмкіндік беріп, қаражат бөлген облыстық әкімшілікке, облыстық спорт басқармасына алғысымыз шексіз,-деді Ақтөбе таеквондо WTF облыстық федерациясының президенті Нұрлан Жалғасбаев .

    Оның ойынша, ақтөбелік таеквондошылар әлі талай асуларды бағындырады.
    жастар арасында:
    І орын (63 келі дәрежесінде) – Ақсәуле Ерқасымова;
    І орын (58 келі дәрежесінде) – Азамат Усейнов.

    ересектер арасында:
    І орын (80 келі дәрежесінде) – Ақтан Сабуов;
    ІІ орын (54 келі дәрежесінде) – Марат Әбдіқалиев;
    ІІІ орын (80 келі дәрежесінде) – Сағындық Төлеуханов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік таеквондошылар Азия чемпионатына дайындалуда
  • Ақтөбеде алғаш рет таЭквондодан республикалық жарыс өтті
  • Азия чемпионатының екі алтыны Ақтөбеде
  • Ақтөбелік дзюдошылар жүлдемен оралды
  • Қазақ палуандары Азия чемпионатына барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге