Азияның қоласы төрт жылдан соң тағы Ақтөбеге келді

    16-21 ақпан күндері Тайланд астанасы Бангкокта ересектер арасында грек-рим мен еркін күрес бойынша Азия чемпионаты болды. Жарыста ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов үшінші орынды жеңіп алды.

    59 келі шамасында азиялық 13 елдің спортшылары күш сынасуға ықылас білдірген. Соның ішінде ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов алдын ала кездесудің барлығында жеңіп шығады. Алайда, ол финалға шығарда 6-10 есебімен Иранның спортшысына дес беріп қояды.
    Қайткенде қола медальге қол жеткізу үшін Мейрамбек бар шеберлігін көрсетті. Өзінің қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, 8-0 есебімен Тайландтың спортшысын жеңді. Оның кеудеден асырып тастауын судьялардың бәрі “ең керемет күрес әдісі” деп бағалады.

    - Бұл балаға бәрі қызығады. Оны Атырау, Астана, Ақтау шақырып, реті келсе әкеткілері келді. Талдықорғандағы Қазақстан чемпионатында әйгілі палуан Дәулет Тұрлыханов та мың баланың ішінен Мейрамбектің бірден көзге түскендігін айтты,-дейді №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің директоры Болат Еңсепбаев.
    Осыдан 4 жыл бұрын дәл осындай медальді Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында ақтөбелік Әсет Әділов жеңіп алған болатын. Төрт жыл бойы медаль күткен Болат Еңсепбаев өз қуанышын жасырмады.

    - Бокста болмаған жетістікке жеттік. Былтыр, биыл Азия мен Әлем чемпионаттарынан жүлделі оралдық,-дейді ол.
    Қазақстан бойынша еркін күрестен әзірше тек ақтөбелік Сана Артастың Олимпиадаға жолдама алғандығын да Болат Еңсепбаев мақтанышпен айтты. Ол да Мейрамбек секілді №4 олимпиада резерві мектебінің түлегі.
    Айта кетейік, бұл Азия чемпионатында Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылмады. Жуырда 17-20 наурызда Астана қаласында іріктеу басталады. Былтыр лицензияны 59 келі астаналық палуан Алмат Кебісбаев ұтып алған болатын. Ал Мейрамбек Айнағұлов қазір Тегеранда өтетін Әлем Кубогіне дайындалып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Таеквондошылар жүлделі оралды
  • Ақтөбелік таеквондошылар Азия чемпионатына дайындалуда
  • Үшкемпіров өз жейдесін ақтөбелік палуанға тарту етті
  • РаЙса Байлиева - алтын медаль иегері
  • Қазақ палуандары Азия чемпионатына барады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге