Ақтөбеде тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті

    22-24 ақпан аралығында тоғызқұмалақ ойыны бойынша Сәуле Құрманбекованы еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат өтті.

    Зияткерлік сайысқа барлығы 133 адам келді. Соның ішінде 63-і ұлдар, 70-і қыздар. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай ұлдар мен қыздар арасында бөлек өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұпай санына қарай анықталды. Алғашқы үштікке іліккендер медальдар мен мақтау қағаздармен мадақталды. Сонымен қатар Құрманбековтер әулеті жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.

    Жарыс әр жас аралығында бөлек-бөлек 7 турлық Швейцар жүйесімен өтті. Қатысушылардың арасында спорттық дәрежесі бар адамдар да өнер көрсетті. Атап айтқанда, алтауы спорт шеберлігіне үміткер, жиырма екісі І разрядты спортшылар.
    Сәуле Құрманбекова (1949-2011) – Ақтөбе қаласындағы №30 мектепте қызмет атқарды. Оның оқытқан оқушылары, әріптестері тоғызқұмалақтан өткізілген қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері мен жеңімпазы атанған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Медицина университетінде кроссфиттен жарыс өтті
  • Жеңімпаздар мұз айдынын бір ай бойы тегін пайдаланады
  • Қыздар арасындағы шағын футбол
  • Ақтөбе таеквондошыларының турнирі өтті
  • Шаңғышылар жарысы өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге