Ақтөбеде түзеу мекемесіне дрон арқылы зат жеткізбек болғандар ұсталды

 Ақтөбеде түзеу мекемесіне  әкелуге тыйым салынған заттарды дрон арқылы жеткізбек болған екі күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 НАЗГҮЛ ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmailcom

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дрон аппараты 35-40 метр биіктікте 40-45 секунд тұрып, келесі аймаққа бет алған. Содан кейін белгісіз жерге жасырынғаны туралы хабарлама келіп түскен. Патрульдік қызмет мекеменің аумағын толық тексеріп шыққан. №9 бекетке жақын жерде “Lada Priora” автокөлігінде отырған 29 және 30 жастағы екі азаматты ұстаған. Тексеру барысында автокөліктен дронның қорабы, басқару пульті мен 5 қорап насыбайға ұқсас жасыл түсті зат табылған. Аталған факт мекеменің ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген. Процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жіберілген.




Құқық
10:30, 17 апрель 2023
665
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив