Головкин-Уэйд жекпе- жегіне 10 күн қалды

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 23 сәуірге жоспарланды. Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті 24 сәуір күні Астана уақытымен таңғы 7:20-да тікелей эфирден тамашалай алады. Аталмыш жекпе-жекке тура 10 күн қалды.

    Осы кезге дейінгі 34 жекпе-жектің барлығын да жеңіспен аяқтаған Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы - Доминик Уэйд. Америкалық 26 жастағы былғары қолғап шебері 18 рет шаршы алаңға шығып, 12 рет нокаутпен жеңген. Сондай-ақ, ол да жеңіліп көрмеген боксшылар қатарынан.

    Уэйдтың Головкинге дейінгі қарсыласы аустралиялық Сэм Солиман болатын. Ол соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың 26 маусымында шыққан. Ал қазақстандық спортшының соңғы жекпе-жегі 18 қазанда өтті. Ол қарсыласы канадалық Давид Лемьені 8-ші раунда техникалық нокаутпен жеңген болатын.
    Аталмыш жекпе-жек бокссүйер көрермен үшін ең маңызды жекпе-жектердің бірі екені анық. Оған дәлел жекпе-жек ұйымдастырылған күннен кейін, алғашқы апталарда-ақ 15 мыңға жуық билет сатылып кеткен.

    Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы сәуірдің 8 күні 34 жасқа толған болатын. Еліміздің боксшысына әлем футболының үздіктерінің бірі, Португалия құрамасы мен испаниялық «Реал Мадрид» ФК атақты ойыншысы Криштиану Роналду өзінің спорттық жейдесін сыйға тартты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бүгін Бахтияр жұдырықтасады
  • Руслан мен Геннадий жеңіске жетті
  • Головкин-Лемье жекпе-жегіне 9 күн қалды
  • Лемье жеңісіне сенімді
  • Головкиннің кезекті кездесуі мамырда өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге