Геннадий Головкиннің салмағы қарсыласынан жеңілірек

    Қазақстандықтар асыға күткен Головкин - Уэйд жекпе-жегіне санаулы күндер қалды. Былғары қолғап шеберлері жекпе-жекке бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізген болатын. Головкиннің салмағы қарсыласынан 1 келіге жеңіл.

    Геннадидің салмағы өлшеу кезінде 74,4 келіні құраса, қарсыласы Доминик Уэйдтің салмағы 75,3 келіні құраған. Естеріңізге сала кетейік, қос бокс-шы да орта салмақтағы кәсіпқой бокс шеберлері.

    Аталмыш жекпе-жек бокс әлемінің асыға күткен кездесуі. Бокс кеші алдында атақты канадалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рэйнессо ESPN Deportes порталына берген сұқбатында өзінің пікірін білдірді.
    -Головкин ешкімді жеңген жоқ! Ойлап қараңыздар. Оның қарсыластары кімдер? Менің шәкіртім (Альварес - ред.) мансабын бастағаннан-ақ мықты қарсыластармен шықты. Себебі, олармен таласа жүріп, үйренсін дедім. Ол расымен де әр жекпе-жек сайын шыңдала түсті. Сондықтан менің шәкіртімнің абыройы биіктеу тұруы қажет,-дейді жаттықтырушы.
    Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Головкин-Уэйд жекпе-жегін 24 сәуірде, астана уақытымен таңғы 7:20-да Қазақстан телеарнасынан тамашалай алады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Головкин-Уэйд жекпе- жегіне 10 күн қалды
  • Головкин шайқасқа 30 күн қалғанда салмақ өлшеді
  • Головкин-Лемье жекпе-жегіне 9 күн қалды
  • Лемье жеңісіне сенімді
  • Головкиннің кезекті кездесуі мамырда өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге