Әмбебап жекпе-жектен әуесқой спортшылар арасында турнир аяқталды

    Жалаңтөс Баһадүрдің 440 жылдығына орай ұйымдастырылған әмбебап жекпе-жек турнирі өз мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында өткен турнирге барлығы 150 спортшы қатысты.

    Әуесқой спортшылардың қатарында еліміздің арнайы жасақ өкілдері де бар. “Арлан”, “СОБР”, ІІМ қызметкерлері және т.б әскери қызметкерлер де бұл турнирге қатысты.

    Әуесқой әмбебап жекпе-жегі үш раундтан тұрады. Алғашқы раундта қарсыластар жеке физикалық даярлығын көрсетеді. Кедергілерден жүгіріп өткен спортшылар, нысанаға пневматты қарумен оқ атып, ізінше нысанаға пышақ лақтырып, сынға түседі. Әр сәтті орындалған жұмысы үшін спортшылар қосымша ұпай алады. Екінші және үшінші раундтарда қарсыластар шаршы алаңда жекпе-жекке шығады.
    Бұл спорт кешінде ұпай бойынша жеңгендер де, нокаутпен жеңгендер де, техникалық нокаутпен жеңгендер де болды. 95 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз болған Айболат Мұратұлы спортпен 10 жылдан бері айналысатынын айтады.

    -Бүгінгі жарыс тартысты өтті. Республикалық сайыстың чемпионы атандым. Қуаныштымын. Қазір ІІД қызмет жасаймын. Өзім Ақтөбенің тумасымын. Қызмет бабымен Маңғыстау өңірінде тұрамын. Алайда спортқа қадамымды осы Ақтөбеде жасадым,-дейді халықаралық дәрежедегі спор шебері Айболат Мұратұлы.
    Бұл жекпе-жек турнирі республикалық және облыстық әмбебап жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен өтті.
    -Бұл турнирге еліміздің барлық облысынан спортшылар келді. 150-ге жуық спортшы қатысқан турнир жоғары дәрежеде өтті,-дейді Әмбебап жекпе-жектен республикалық федерация президенті Олжас Акимов.
    Ерлер арасында 10 түрлі, әйелдер арасында 3 түрлі салмақта өткізілген жарыс қорытындысы бойынша спортшылар медальдармен, дипломмен және Жалаңтөс Баһадүр қорының ұсынған естелік сыйлықтарымен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жалаңтөс Баһадүрдің құрметіне турнир өткізілді
  • Ақтөбеліктер жүлдемен оралды
  • “Көшпенділер шайқасы-6” халықаралық кәсіпқой турнирі өтті
  • Ақтөбеде ережесіз жекпе-жек турнирі өтеді
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге