Жастар құрамасы жеңіске жетті

    Жастар құрамасы жеңіске жетті

    Футболдан Қазақстанның екінші лигасында ойнайтын “Ақтөбе U-21” командасы 8-ші турда жеңіске жетті. Бұл жолғы қарсылас – шымкенттің ОБЖСМ №7 командасымен кездесті.

    Ойын Есет батыр көшесінде орналасқан №8 ОБЖОРМ жасыл алаңында өтті. Ақтөбе жастарының негізгі құрамында мына ойыншылар өнер көрсеткен болатын. Қақпашы – Трофимец, алаңдағы ойыншылар - Петренко, Жұмағали, Сатвадыев, Жұмашев, Жұмай, Кұдайберген, Әділжанов, Ахмеров, Жақсыбай және Бойчук.

    Алғашқы таймның басын қонақтар белсенді бастағанымен, кейін ақтөбелік жастар ойынды өз қолына ала білді. Ойынның 25-ші минутында қарсыластың айып алаңына енген Игорь Бойчукті шымкенттік қорғаушы ережеден тыс әдіспен тоқтатқаны үшін, пенальти белгіленген болатын. Команда капитаны Саят Жұмағали бұл айып соққысын дәл орындап, есепті ашты. Алайда, қарсыластар да пенальтиге пенальтимен жауап берді. 51 минутта Эбдрахман Бекжан Игорь Трофимецтен айласын асырып, есепті теңестірді. Алайда бұл есеп 14 минут өткен соң қайта өзгерді. Алаң жиегімен өрбіген шабуыл өз нәтижесін берді. Сол қапталдан келіп, орталыққа асырылған пасты ақтөбелік шабуылшы Игорь Бойчук бір ғана қимылмен тоғыздыққа дәл тастай салды. Есеп 2:1. Тағы бір голды Ақтөбе ФК негізгі командасының ойыншысы Сергей Лисенков соқты.

    Ойынан кейінгі баспасөз маслихатында ақтөбеліктердің бас бапкері Алексей Косолапов ойын жөнінде пікірін білдірді.
    -Ойыншылардың алаңдағы ойынына көңілім толмады, ал нәтижеге ризамын. Бұл мен үшін ең сорақы ойын болды. Командаға ойнау қиынға түскені белгілі. Психологиялық тұрғыда бұл жолы да жеңілсек, ары қарай қиын болатынын білдік. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымы,-деді “Ақтөбе U-21” командасының бас бапкері Алексей Косолапов.
    Осылайша, 3:1 есебімен жеңіске жеткен “Ақтөбе U-21” командасы турнирлік кестеде 4 сатыға жоғарылады. Бұған дейін 12 орында тұрған команда, 8-ші турдан кейін жалпы 10 ұпаймен турнирлік кестенің 8-ші сатысына орналасты. Естеріңізге сала кетейік, кестенің көш басында тұрған “Шахтер U-21”командасында19 ұпай.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе жастары 11 орынға сырғыды
  • Орталық стадиондағы ең нәтижелі ойын
  • “Ақтөбе” ФК алғашқы айналымды жеңіспен аяқтады
  • “Ақтөбе” ФК турнирлік кестеде 5-ші орында
  • Жастар жеңіспен бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге