Морозов М1 біріншілігінде жеңіске жетті

    Морозов М1 біріншілігінде жеңіске жетті

    Ақтөбелік аралас жекпе-жек спортының шебері Сергей Морозов атақты М1 Challenge 69 біріншілігінде жеңіске жетті. Бұл туралы еліміздің ММА федерациясы хабарлайды.

    Бұл турнир Ингушетия мемлекетінің Таргим елдімекенінде өткен болатын. Жыл сайынғы “Таудағы жекпе-жек” турнирінің атаулы бесжылдығына орай ұйымдастырылған бұл турнирде ақтөбелік спортшы бразилиялық Рафаэль Диаспен жұдырықтасты.
    Жекпе-жек үш раундтан тұрды. Қарсыластар бір-бірін нокаутпен жеңе алмаса да, үш раундтың қорытындысы бойынша айқын басымдылықпен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл Сепргейдің М1 Global-мен келісімшарт жасасқалы екінші жекпе-жегі болатын. Алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберген Морозов, бұл жолы өзінің атағын сақтап қала алды. Жеңісінен кейін Морозов шаршы алаңға еліміздің туын алып шығып, жанкүйерлеріне “сәлем” жолдады.
    Естеріңізге сала кетейік, Сергей Морозов Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе-жектен әлем біріншілігінің вице-чемпионы, ММА спортынан спорт шебері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әмбебап жекпе-жектен әуесқой спортшылар арасында турнир аяқталды
  • Қанаттың қазаққа сыйлаған жеңісі
  • Головкин-Уэйд жекпе- жегіне 10 күн қалды
  • Руслан мен Геннадий жеңіске жетті
  • Ақтөбеліктер ММА жүйесінде жүлде еншіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге