Негізгі құрам ойыншылары әкелген жеңіс

    Негізгі құрам ойыншылары әкелген жеңіс

    Футболдан Қазақстанның екінші лигасының кезекті туры өз мәресіне жетті. 14-ші тур аясында кездескен “Оқжетпес U-21” және “Ақтөбе U-21” командалары кездесіп, нәтижесінде ақтөбелік ұжым 1:3 есебімен жеңіске жетті.

    Көкшетауда өткен ойынның алғашқы таймы тартысты болды. Ойын басталғаннан толассыз шабуылдаған көкшетаулық ұжымның шабуылы нәтиже бермеді. Есесіне, ойынның 13-ші минутында ақтөбеліктер есепті ашты. Жартылай қорғаушы Әбілхан Әбдікәрімов өз қоржынын тағы бір голмен толықтырды. Араға бірер минут салған соң, ақтөбеліктердің мерейі тағы да үстем болды. Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Асланбек Кәкімов есепті еселеп, команданы алға жетелеген болатын. Алексей Косолапов шәкірттері қорғаныста сақ ойнап, жылдам шабуылдауды жоспарласа керек. Бұл ойын мәнері өз жемісін берді. Алғашқы таймның 29-шы минутында “Ақтөбе U-21” командасының сұрмергені Игорь Бойчук есеп айырмасын тағы бір допқа ұзартты. Осылайша алғашқы таймнан кейін 0:3 есебі тіркелді. Ал Игорь Бойчук өзінің биылғы маусымдағы 6-шы голын соқты.

    “Ақтөбе U-21” командасының сапында көзге түскен үш ойыншы Әбілхан Әбдікәрімов, Игорь Бойчук және Асланбек Кәкімов те негізгі құрамның ойыншылары болып саналады. Асланбек Кәкімов жыл басынан бері негізгі құрамда ойнайды. Алайда жарақатынан айыққан соң, ойын тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар құрамасымен бірге жіберілген болатын. Игорь Бойчук пен Әбілхан Әбдікәрімов жастар құрамасының сапында көзге түсіп, негізгі құрамға шақырту алған ойыншылар.
    Ойынның екінші таймында көшетаулық ұжым есеп айырмасын қысқартуды көздегені анық. Толассыз шабуыл жасап, ақтөбеліктердің қорғанысын бұзуды көздеген болатын. Бұл мақсаттарын орындады да. Қарсыластың құрамынан Виталий Калмыков ақтөбеліктердің қорғаныстағы қателігін пайдаланып, есеп айырмасын қысқарта білді. Қорытынды есеп “Ақтөбе U-21” ФК пайдасына 1:3.

    Аталмыш турдан кейін “Ақтөбе U-21” ФК турнирлік кестенің 12-ші сатысына жайғасты. Команда еншісінде 14-ұпай. Ал осы ойында жеңіліс тапқан “Оқжетпес U-21” командасы 15 ұпаймен турнирлік кестенің 11-ші сатысында. Алайда, бір ескерте кететіні, ақтөбелік ұжымның кейінге шегерілген бір ойыны бар. Алматылық “Қайрат U-21” командасымен өтетін матч белгісіз мерзімге кейінге шегерілген болатын.
    Аталмыш матчтан соң жастар құрамасының тағы үш ойыншысы негізгі құраммен бірге жаттығуға шақыртылды. Юрий Уткульбаев баптайтын командамен бірге Әділхан Жұмай, Әділжан Жақсыбай және Евгений Чернышов жаттығуда. Естеріңізге сала кетейік “Ақтөбе” ФК негізгі құрамы қысқамерзімді демалыстан соң, 3-ші тамыздан бастап жаттығуға кірісті. Команда ҚПЛ екінші айналымына дайындықтарын бастап та кетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аға жолын жалғап...
  • Жастар құрамасы жеңіске жетті
  • Ақтөбе жастары 11 орынға сырғыды
  • “Ақтөбе” ФК алғашқы айналымды жеңіспен аяқтады
  • Жастар жеңіспен бастады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге