Қазақстан футбол құрамасы поляктардан ұтылып бара жатып, есепті теңестірді

    Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 2018-Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінің бастапқы ойнында Польша командасымен кездесті.

    Ойын 4 қыркүйек күні “Астана Арена” стадионында болды және соның тікелей көрсетілімін “Қазақстан” телеарнасынан барша қазақстандықтар тамашалай алды.
    Алғашқы таймда қонақтар алдыңғы қатарда болды. Матчтың тоғызыншы минутында жартылай қорғаушы Бартош Капустка қапталдан келген допты қақпаға дәлме-дәл тепті.
    Стас Покатиловтың қақпасына екінші голды Польша құрамасының капитаны Роберт Левандовский соқты. Елдос Ахметов ойын ережесін бұзғаны үшін “Қазақстанның” қақпасына пенальти белгіленді. Сол айып добын Роберт Левандовский еш қателеспей қақпаға дәлме-дәл кіргізді. Бұл матчтың 35-ші минуты еді.

    Алайда екінші таймда Ұлттық құрамамыз күтпеген жерден таңғажайып жетістікке қол жеткізді. 8 минуттың ішінде “Тобол” клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижнеченко қонақтардың қақпасына екі гол соқты. Сөйтіп ол есепті теңестірді.
    Айта кетейік, Польша FIFA рейтингісінде 16-шы орынға ие, ал Қазақстан құрамасы бар болғаны 96-шы орында тұр. Қазақстан тарихында алғаш рет поляктарға ұтылмай қалды, бұның алдында 3 рет ұтылғанбыз.
    2018-Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінің келесі ойнын Ұлттық құрама 8 қазанда Черногорияда өткізеді. Ал содан 3 күннен кейін “Румыния” Қазақстанға келеді. Польшаға қарсы жауап ойын 2017 жылда болуы тиіс.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастар құрамасы жеңіске жетті
  • Қазақстан құрамасы қыркүйекте Колумбияға аттанады
  • Қазақстан бесінші сатыда
  • “Ақтөбе” өз алаңында “Қайсарға” есе жіберді
  • Қазақстан құрамасы FIFA кестесінде бірнеше сатыға жоғарылады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге