“Ақтөбе” жастары “Ертісті” жеңді

    “Ақтөбе” жастары “Ертісті” жеңді

    АқтөбеU21-ЕртісU21 командалары арасындағы ҚР Екінші лигасының 23- тур ойыны аяқталды. Біздің жастар Павлодардан келген команданы 3:0 есебімен жеңді. Бұл туралы “Ақтөбе” ФК-ның ресми сайты хабарлайды.

    Қос команда матчты жылдам жүгірістермен бастады. Командалар алаңның әрбір сантиметрінде талас жүргізіп, аянып қалмады. Дегенмен, ойын басында қонақтар басым ойнады. Кучерявых шәкірттері біздің қақпамызды қайта-қайта торуылдап, Трофимец қақпасын мазалаумен болды. Кейбір сәттерде Игорь қақпада сенімді ойнаса, кейбір тұста қонақ шабуылшылары мүлт кетіп жатты. Таймның алғашқы 15-минутында қонақтар «ақ-қызылдар» қақпасына төрт рет соққы жасады, “Ақтөбе-U21” болса бір де бір соққы жасай алмай, шабуылдағы жұмыстары өнбей қойды. Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында Алексей Косолапав өз командасының ойын басында баяу қимылдайтынын, соны түзеу үшін жұмыс жасайтындықтарын айтты.

    “Ертіс-U21” қысым жасады, жоғарыдан күтіп алып жатты, біздің тірек ойыншыларымызға ойын қиынға соқты. Ортадағы тірек ойыншылар Әділжанов пен Әбубәкіров қарсылас ойыншыларын аса қиындықпен ұстап тұра алды және табандылықтарының есесі қайтты. Шабуылға әуестеніп кеткен “Ертіс-21” “ақ-қызылдардың” жылдам ұйымдастырылған шабуылын өткізіп алып, қақпашы Бойчукті айып алаңында сұлатып салуға мәжбүр болды. Төреші ойланбас-тан нүктені көрсетіп, Жұмағали айып соққысын мүлтіксіз орындады. Сен соқпасаң, саған соғады, 1:0.

    Екінші тайм алаң иелерінің жылдам голымен басталды. Сол қапталдан оңай өтіп кеткен Жұмашев допты Әділжановқа ысыра салған, біздің капитан доп-ты қақпа бұрышына сылқ еткізді, 2:0. Жеті минуттан соң Бойчук белсеніп, гол соқты. Тағы да сол Жұмашев қапталдан пас беріп, командасының үшінші голына да өз үлесін қосты.

    Матчтың ең шешуші сәті алаң иелерінің алғашқы голы болған сияқты. Себебі, бірінші таймда өте белсенді ойнаған павлодарлықтар, гол жіберіп алған соң, қарсыластың құрған ойынына көнуге мәжбүр болды. Иә, екінші таймда “Ертіс-U21” допқа иелік етуге тырысты, қапталмен де, ортамен де шабуылдар жасады, бірақ соңғы соққыны жасайтын адам табылмады. Оның үстіне “ақ-қызылдар” Косолапов бапкердің нұсқауларын бұлжытпай орындап, Ертіс жағасынан келген жігіттерді голсыз қайтарды. Қалған уақытта “ақ-қызылдар” сенімді де қарапайым ойнауға тырысып, матчты жеңіспен аяқтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастар жеңістен құр қалды
  • Жастар құрамасы жеңіске жетті
  • “Ақтөбе” ФК алғашқы айналымды жеңіспен аяқтады
  • Сапарбаев пен жас жұбайлар тамашалаған матч...
  • “Ақтөбе”- “Ертіс” 2:1
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге