Жүзуден ҚР Кубогі өтті

    Жүзуден  ҚР Кубогі өтті

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде жүзуден өтетін ҚР Кубогінің ашылуына қатысты. Шараның салтанатты ашылуына 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарда жұртты таң қалдырған Дмитрий Баландин мен Зульфия Ғабидуллина да қатысты, деп хабарлайды “Ақтөбе-ақпарат” орталығы.

    Қатысушылар мен жанкүйерлерді қарсы алған әкім Бердібек Сапарбаев жүзуден ҚР Кубогі өңіріміз үшін айтулы оқиға екенін атап өтті.
    - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде өткені біз үшін үлкен абырой. Дмитрий Баландин мен Зульфия Ғабидуллинаның қатысқанына алғысымыз зор. Сіздердің келгендеріңіз ақтөбелік спортсүйерлер үшін үлкен қуаныш, тарихи оқиға. Сіздер ел тарихында бірінші рет жүзуден олимпиада және паралимпиада жеңімпазы атандыңыздар. Сіздер жеткен жеңіс Қазақстанның су спорты түрлерін дамытудағы көрнекті жетістіктерінің көрсеткіші бола білді. Қазір Ақтөбенің 9 бассейнінде 2 мыңға жуық бала жаттығады. ҚР Кубогі алдағы уақытта су спорты түрлерінің дамуына, жас талантты жүзгіштердің шығуына жағдай жасайды деп біз үміттенеміз,- деді Бердібек Сапарбаев.
    Еске сала кетейік, 2014 жылғы Азия ойындарының үш мәрте чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы Дмитрий Баландин биылғы олимпиадада 200 метр брасс қашықтықта алтын иеленіп, жүзуден бірінші қазақстандық чемпионы атанды. Зульфия Ғабидуллина Қазақстанға Рио-де-Жанейро жазғы паралимпиада ойындарында 100 метр еркін жүзуден алғашқы алтын медаль әперді.

    Аймақ басшысы облыста спортты дамытып, спорттық мекемелердің санын арттыру үшін шаралар қабылданатынын баса айтты. Қазір Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде заманауи жекпе-жек орталығы және Мұз сарайы салынып жатыр. 2017-2018 жылдары барлық аудан орталықтарында жабық спорт нысандары ашылады.
    Спорттық нысандар қатарын көбейтумен қатар спортшыларды қолдау шаралары да жүзеге асып келеді. Жыл басынан бері Ақтөбе облысынан ҚР Ұлттық құрамасының мүшелеріне 120 атаулы стипендия бекітілген. Бапкерлерге де жан-жақты қолдау бар.
    Жүзуден ҚР Кубогі «Достық» облыстық балалар-жасөспірім спорт мектебінде өткізілді. Барлығы 225 жүзгіш қатысты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Ақтөбеде
  • Ақтөбеде 300-ге жуық workout-спортшылары бар
  • Сапарбаев Фархад Харкиді құттықтады
  • Қазақстан тағы бір лицензия ұтып алды
  • Ақтөбеде жүзуден қалалық біріншілік өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге