Мас күйінде көлік жүргізген ақтөбелік экс-депутат 15 тәулікке қамалды

Экс-депутат жеңіл дәрежелі масаң күйде көлік жүргізген. Сотта экс-депутатқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Экс-депутат С. Бәйішев көшесінде алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша азаматша жеңіл дәрежелі масаң күйде болған.

Сот экс-депутатты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабы 1 бөлімімен кінәлі деп таныды. Оған 15 тәулікке қамау және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Құқық
13:36, 27 октябрь 2023
1 053
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив