Ақтөбеде саңырауқұлақ теруге кеткен әйел бір күннен кейін табылды

Мәртөк ауданында саңырауқұлақ жинауға кеткен орманшы әйел аман-есен табылды,-деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Аққайың ауылынан 1,5 шақырым жердегі орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйел жоғалып кеткен. Оқиға болған жерге құтқарушылар мен полицейлер барған. Сонымен бірге, іздестіру жұмыстарына 6 техника мен 22 жергілікті тұрғын жұмылдырылған. Құтқарушылар 60 жастағы әйелді бір күннен кейін Аққайың ауылынан 20 шақырым жерден аман есен тапқан. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, орманшыға медициналық көмек қажет болмаған. Сондықтан, құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты алыс жолға шықпауды ескертеді.


Әлеумет
13:34, 31 октябрь 2023
1 647
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив