Әлем чемпионатынан ақтөбелік спортшылар 3 қола медальмен оралды

    28-29 қазанда Набережные Челны қаласында күрестің үш түрінен әлем чемпионаты өтті. Қазақстаннан бақ сынаған 20-дан астам спортшының 6-ы ақтөбеліктер.

    Кездесудің алғашқы күні белбеулі жекпе-жектен бас-талды. Екінші күні “Гореш” түрікмен күресінен, ал үшінші күні классикалық күрестен өткен чемпионатқа 40 елден жүзден астам спортшы қатысты. Болашақ эпидемиолог-дәрігер, күрестен спорт шебері Айдана Намазбаева төрт рет белдесіп, оның екеуінде түрікмендік спортшыларға есе жіберіп, 3 орынды иеленді.
    Сонымен қатар, Бағдат Алқуаныш пен Сәбира Мырзағалиева да қола жүлдегер атанды.
    Қазақстандық спортшылар 1 күміс және 9 қола медаль иеленді.
    Айта кетелік, чемпионатта ақтөбелік спортшы алаңда жарақат алды. БҚМУ стоматология факультетінің 4 курс студенті Жүзімгүл Науханова 76 келі және одан жоғары салмақта бақ сынасқан еді. Алғашқы кездесуінде Түрікменстан спортшысымен күрес кезінде тізесіне зақым келді. Қазақстандық спортшының жеке жаттықтырушысы күресті бірден тоқтатады.

    -Бұл Жүзімгүл үшін алғашқы әлемдік чемпионат болатын. Сондықтан ол жарақатына қарамай күресті жалғастыруды сұрады. Мен оған үзілді-кесілді қарсы болдым. Адамның денсаулығы мен үшін маңызды, - дейді жаттықтырушы Сағдат Естілеуов.
    Чемпионатта Ресей спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Ал “Гореш” деп аталатын сайыста түрікмендерге тең келетіндер қарсылас болмады. Классикалық күрес түрінен ресейліктер мен түрікмен спортшылары басым түскен.
    Енді ақтөбелік спортшылар келесі жылы Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қос ару белбеу күресінен Қазақстан бойынша ешкімге дес бермеуде
  • Болашақ дәрігерлер – белбеу күресінің чемпиондары
  • Жас палуандар екі қола мен бір күміс иеленді
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Ақтөбелік таэквондошылар бірінші орынды иеленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге