Жаңа маусымдағы жаңа жиын

    Жаңа маусымдағы жаңа жиын

    Ақтөбе ФК жаңа бас бапкері Игорь Рахаев Ақтөбедегі жұмысын бас-тады. 2017 жылғы маусымға дайындық барысында алғашқы оқу жаттығу жиындары жергілікті алаңдардың бірінде бастау алды. Украиналық маман алғашқы оқу-жаттығу жиынында жергілікті ойыншылар, Ақтөбе футбол мектебінің түлектерімен қатар қазақстандық ойыншылардың ойынына баға беретін болады.

    Алғашқы Оқу жаттығу жиыны 15 желтоқсанда басталды. №8 ОБЖОРМ жасыл алаңында өтіп жатқан жиын жабық түрде өтуде. Жаңа ойыншыалрдың әлеуетін, бапкер ойлаған ойын мәнеріне келетіндігімен танысқан соң, олардың бірен-сараңы клубпен келісімшарт жасасуы мүмкін.

    Сондай-ақ, бұл жиынға келісімшарт жасалып қойған ойыншылар да қатыспақ. Олардың қатарында өткен маусымдағы құрамнан Бағдат Қайыров, Асланбек Кәкімов сынды жергілікті ойыншылар бар. Сонымен қатар қаралымсыз-ақ келісімшарт жасасқан Ақтөбе ФК жаңа ойыншылары Дамир Дәуітов, Рақымжан Розыбакиев те бұл жаттығуға қатысады.

    Клубтың бұл жиынына шақырылғандар қатарында Аслан Рафкат, Ануар Ағайсин, Бауыржан Байтана, Әлішер Сүлей, Темірлан Эльмурзаев, Қанат Ахметовтер бар. Сонымен қатар баспасөз беттерінде клубтың аңыз ойыншысы Марат Хайрулиннің Ақтөбе сапына қайта ауысатындығы туралы айтылуда. Алайда бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

    Естеріңізге сала кетейік, бұл клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны. Қаңтар айында өтетін екінші оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтеді деп жоспарлануда. Игорь Рахаев пен клубтың директоры міндетін атқарушы Мақсат Әлібекұлы бұл жиынға Оңтүстік Америка елдерінен легионерлер шақырылады деген болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әскери далалық жиын басталды
  • Қазақстан жастары қырғыздарды екі рет жеңді
  • 2016 жылғы “Ақтөбе” ФК қандай болмақ?
  • Үш ойыншы Ұлттық құрамаға шақырту алды
  • “Ақтөбелік” 6 ойыншы Ұлттық құрамаға шақырылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге