Ақтөбеде биыл 9 лагерь жұмыс жасайды

Жазғы демалыста 150 мың оқушы лагерьге барады. Балалар жылы аясында биыл туристік саяхаттардың саны өскен.

Айгерім ШЫМҚАЕВА

@aigerim_shymkai

Биыл арнаулы санаттағы балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 320 миллион теңге бөлінді. Қала сыртындағы  9 лагерь балаларға есігін ашты. Қала сыртындағы лагерьлерге аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, атаулы әлеуметтік көмек алатын және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 4000-ға жуық бала барады деп жоспарланған. Бұл - аталған санаттағы балалардың 28 пайызы ғана. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы бала саны биыл облыс бойынша 15 мыңнан асады. Қалған 11 мың бала мектеп жанындағы және шатырлы лагерьлерге барып, экскурсияларға қатысады. 

  • Жазғы маусымда балаларды қала сыртындағы  9 лагерь қабылдайды. Екі лагерь жабық. Мемлекеттік «Достық» лагеріне күрделі жөндеу жүргізу  қажет. Оған қазір жергілікті бюджеттің есебінен қаражат бөлу мәселесі қарастырылып  жатыр. Ал «Күншуақ» лагері биылдан бастап 500-ге жуық арнайы санаттағы балаларды да тегін қабылдайтын болады,- дейді облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.  

Ресейдің алты өңірінен этноқазақтардың 30 баласы келеді деп жоспарланып отыр. Бұл балалар «Күншуақ» лагерінің базасында демалады. Олар үшін мамандар арнайы тілдік лагерь ұйымдастырған. 12 күн бойы жергілікті Ырғыз, Шалқар, Байғанин ауданынан келген балаларымен бірге болады.

  • Осылайша оларға тілдік орта қалыптастырып, ауызекі тілді меңгеруі үшін жағдай жасаймыз. Облыстың киелі жерлеріне, көрікті мекендеріне саяхаттайды. Қызықты бағдарламалар жоспарланып отыр,- деді Нұргүл Бертілеуова. - Сонымен бірге балалар жылы аясында биыл туристік саяхаттардың санын көбейтіп отырмыз. Республика және облыс аумағындағы киелі жерлерге 12 мыңға жуық бала барады.

Білім басқармасының дерегінше осы жазда үш мыңға жуық оқушы Щучинск, Қапшағай және Шымкент қалаларына саяхаттап барады. Ал білімімен, дарынымен көзге  түскен 265 оқушы «Балбөбек » республикалық лагерьлерінде тегін демалып қайтады. Облыстағы ірі өндіріс орындары мен компаниялар мен ата-аналардың есебінен 24 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылатын болады.  

Әлеумет
11:00, 02 июнь 2022
623
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив