Әлемнің мықты спортшылары Алматыда бақ сынайды

    Жарысқа Олимпиада, өткен Универсиада, Әлем Кубогі Кезеңінің чемпиондары бақ сынауға келеді. Бұл жарыстың тартысты болатындығына ешкімнің күмәні жоқ

    Қысқы Универсиада – 11 күндік ірі көлемді спорт жарысы. Оған студент-спортшылар қатысады. Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік Универсиадаға 2 мыңнан аса спортшы келеді және 12 спорт түрінен 85 медальдар жиынтығы ойнатылады.

    Медальдар үшін күрес өте тартысты болады. Өйткені Универсиадаға 2014 жылғы Олимпиада чемпионы және шорт-трек бойынша екі мәрте әлем чемпионы Ким Аланга (Оңтүстік Корея), 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, трамплиннен секіруден екі мәрте Универсиада чемпионы (2013, 2015) Максимочкин Михаил (Ресей), 2012 жылы биатлон бойынша жасөспірімдер арасынан Әлем чемпионы Ким Чеолюнг (Оңтүстік Корея), 2015 жылғы Универсиада чемпионы фристайлшы Кучерова Николь (Чехия), Азия ойындарының (2011) күміс жүлдегері, 2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы екі мәрте чемпионы (1500 м., 3000 м.) және 2013 жылғы Универсиада чемпионы Хванг Хиун-Сан (Оңтүстік Корея), Әлем кубогінің биатлоннан екі мәрте чемпионы Батист Жути (Франция), 2014 жылғы трамплиннен секіру бойынша жасөспірімдер арасынан Әлем чемпионы Кшиштоф Биегун, тау-шаңғы спортынан екі мәрте чемпионы Биалобразский Доминик (Польша), 2014 жылғы шорт-тректен жасөспірімдер арасынан әлем чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың чемпионы Чен Гуанг (Қытай) сияқты көптеген мықты спортшылар қатыспақ. Сондай-ақ, Универсиада-2017-ге мәнерлеп сырғанаудан ресейлік ең мықты құрама келеді деп жоспарланған. Сол құраманың сапында 2015 жылғы Әлем мен Еуропа чемпионы Туктамышева Елизавета болуы керек.
    Қазақстандық спортшылар да осал емес. Қазақстанның ең мықты 175 спортшысы Универсиадаға қызу дайындық үстінде. Соның ішінде Денис Тен (мәнерлеп сырғанау), Юлия Галышева (фристайл), Павел Колмаков (фристайл), Жанбота Алдабергенова (фристайл), Роман Креч (конькимен жүгіру спорты), Станислав Палкин (конькимен жүгіру спорты), Айдар Бекжанов (шорт-трек), Абзал Ажгалиев (шорт-трек), Нұрберген Жұмағазиев (шорт-трек).

    Жалпы Алматы-2017 Универсиадасына:
    - Олимпиада ойындарының 3 чемпионы мен 1 қола жүлдегері;
    - жасөспірімдер арасындағы 11 чемпион мен 6 жүлдегер;
    - Қысқы FIS старт пен Әлем Кубогі Кезеңінің 20 чемпионы мен жүлдегері қатысады.
    Айта кетейік, биылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ХХVІІІ қысқы Дүниежүзілік Универсиадаға Ақтөбеден бір ғана спортшы барады
  • Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Ақтөбеде
  • Анықтама
  • Анықтама
  • Анықтама
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге