Волонтерлар универсиада үшін алған киімдерін сатып жатыр

    Қазақстандықтар Универсиададан пайда тапқысы келеді. Жеке хабарландыру сайттарында спортшылар мен волонтерлардың киімдері сатылымға шығарылған. Сондай-ақ, шайба, блокноттар, жалаулар мен төс белгілері қаптап тұр. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

    Тауарлардың арасында көбіне спорт киімдері, комбинезон мен күртешелер жиі кездеседі. Бірақ әдеттегіден тыс тауарлар да табылды. Осылайша, алматылық студент швед ойыншысының сынық клюшкасын 40 мың теңгеге сатып отыр.
    - Швеция құрамасының хоккейшілері өз клюшкасын маған сыйға тартты. Ең қызығы, ол жарылған. Және сонысымен ол маған ерекше. Онымен ойнағаны көрініп тұр, - дейді Бағлан Нұрлыбеков.

    Қайталанбас сыйлықты студент сатуға бел буды. Көп ойланбай, жігіт интернетке хабарландыру салады.
    - Маған клюшка керек емес. Мен хоккейші емеспін. Басқа біреуге керек болып қалар. Коллекция жиюшы табылуы мүмкін. Одан да оны сатқан дұрыс болар деген тоқтамға келдім. Нарықтық бағадан аспайтын бағамен жарияладым, - дейді Бағлан.
    Студент сыйлықты 40 мың теңгеге бағалады. Ал мамандардың пікірінше, клюшканы бұдан да қымбатқа сатуға болады.
    - Егер жаңасы 40 мыңдай теңге тұрса, онда ұсталған клюшка 30-50 пайызға арзанырақ сатылады. Бірақ клюшканы Универсиадада шынымен спортшылар пайдаланса, онда оның бағасы жоғары болуы тиіс. Мұндай заттарда дәлелдеме болу керек: шынымен сол клюшка ма, кім онымен ойнады, - деп бағалаушы Вячаслав Ли түсіндірді.
    Жеке хабарландыру сайттарында Универсиада бұйымдарының нағыз жәрмеңкесі пайда болған. Осылайша, Канада-Ресей ойнынан түскен шайбаны тоғыз жарым мың теңгеге сатуда, арнайы логотипі бар блокнот мың жарым теңгеге, ал тегін берілген кішкене жалаулар 200 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ, спорт киімін арзанға сатып алу ұсынылған.
    “Универсиада волонтерінің киім-кешегін сатамын. Киім-кешекке тымақ, күртке, комбинезон, шарф, сөмке, қолғап кіреді. Киім жап-жаңа. Волонтерлар келісімі бойынша 140 мың теңге тұрады. Өлшемі стандартты – М. Киім ыңғайлы, жылы, әдемі. Бағасы: 35 мың теңге”.
    Осыған ұқсас хабарландырулар біраз адамның ашуына тиген. Мәселен, Бағланды көргенсіз деп айыптаған.
    - Сатып алушылардың арасынан осыған ұқсас наразылықтар болды. Немен байланысты екенін білмедім. Мүмкін, бір жағынан олардікі дұрыс шығар. Бірақ оны сату – менің шешімім, - дейді Бағлан.
    Студент түскен ақшаны қайда жұмсарын әлі шешпеді. Оның үстіне, клюшканы сатып алатын адам табылмай отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлемнің мықты спортшылары Алматыда бақ сынайды
  • Пәтерін сатқан тұрғыннан басқарма 10 млн теңге талап еткен
  • Әр аптаның сенбі күні мектеп жәрмеңкесі өтеді
  • Мектеп формасы орталығы ашылды
  • Кәсіпкер: Менің мүлкімді дұрыс бағалаған жоқ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге