Ақтөбелік оқушы Орынбор қаласында жеңіске жетті

    Сурет облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен алынды

    8 сынып оқушысы Батыржан Демеужан Орынбор қаласында өткен шаңғы жарысында мәреге бірінші болып келді. Ал бұған дейін ол Павлодарда Қазақстан чемпионы атағын 3 рет жеңіп алды.

    Демеужан Батыржан – 2016 жылы тамыз айында Павлодар қаласында өткен шаңғы спортынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатында шаңғы роллерден 3 шақырым қашықтықта еркін жүрістен І орын, 1,5 шақырым қашықтықтағы кросстан – ІІІ орынды иеленді.
    Сонымен қатар, ол 2016 жылы желтоқсан айында Риддер қаласында өткен мектеп және колледж оқушылары арасындағы Республикалық шаңғы жарысынан классикалық спринт жүрісінен 1 шақырым қашықтықта І орын, классикалық жүрістен 3 шақырым қашықтықта І орын және еркін жүрістен 3 шақырым қашықтықта І орынды бағындырды.

    Демеужан Батыржан 2017 жылы ақпан айының 21-27 жұлдызы аралығында Павлодар қаласында өткен шаңғы спортынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 3 мәрте Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Атап көрсететін болсақ, 3 шақырым қашықтықта классикалық жүрістен І орын, классикалық спринт жүрісінен 1 шақырым қашықтықта І орын және еркін жүрісnен 3 шақырым қашықтықта да өзін алдыңғы қатардан көрсетіп, І орынға қол жеткізді.
    Наурыз айының 10-12 аралығында Орынбор қаласында шаңғы спортынан 47 – ші дәстүрлі ашық біріншілігінде 10 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанып, өңіріміздің мерейін тағы бір мәрте көтерді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алғашқы алтын қоржынға түсті
  • Ақтөбелік студент белбеу күресінен ІІ орынды жеңіп алды
  • Ақтөбеде жүзуден қалалық біріншілік өтті
  • Ақтөбеде “Алтын күз” жартылай марафоны өтті
  • Шаңғышылар жарысы өтті
  • Пікір

    ^ Үстіге