“Ақтөбе” соңғы минуттарда жеңіліп қалды

    “Ақтөбе” соңғы  минуттарда жеңіліп қалды

    Көкшетаудың “Оқжетпесі” “Тарлан Арена” стадионында “Ақтөбе” клубын қабылдады. Қосымша уақытта “Оқжетпес” шешуші гол соғып, жеңіске жетті – 2:1.

    Алаң қожайындары алғашқы шабуылда-ақ Самат Отарбаевтың қақпасын тесіп өтті. Сергей Струков қақпа бойына пас берді. Ал Сергей Шафф бос қақпаға допты дәл бағыттады.
    Ойынның 7-ші минутында ақтөбеліктер қарсы шабуылмен жауап берді. Сол қапталдан келген допты Асланбек Кәкімов қақпаға қарай бағыттады. Бірақ көкшетаулық қорғаныс бұл шабуылға төтеп бере алды. Ал екінші шабуылда Асланбек Кәкімов өз дегеніне жетті. Есеп 1:1.
    Содан кейін ақтөбеліктер тағы мәрте шабуылдап, тағы бір гол соғуға мүмкіндік алды. Алайда доп көкшетаулық футболшыға тиіп, қақпадан асып түсті. 22-ші минутта Федин оң қапталдан айып алаңына өтіп, соққы жасады. Бірақ доп қақпадан жоғары кетті. Бірінші таймның соңына дейін екі команда бір-біріне қарсы шабуыл жасай берді. Дегенмен есеп өзгеріссіз қалды.

    Екінші таймда да ойын қарқыны жылдам болды. “Ақтөбе” көп шабуылдай бергенмен, “Оқжетпестің” қақпашысы Стаменкович сенімді ойнады. 68-ші минутта көкшетаулықтар “Ақтөбе” қақпашысының қателігінен гол соға жаздады. Самат Отарбаев қолынан допты жіберіп алды, бірақ Шафф допты қақпаға дәл бағыттамады.
    Екі команданың бапкерлері ойынышыларды алмастырды. Бірақ көкшетаулық клубтың бапкері керек ойыншыны алаңға шығарды. Тимур Досмағамбетов қосымша уақыттың ішінде шешуші гол соқты. Есеп 2:1. Осы ойынның қорытындысы бойынша “Ақтөбе” 5 ұпаймен 10-шы орынға тұрақтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” өз жерінде “Ақжайықты” жеңе алмады
  • “Ақтөбе” биыл алғаш рет жеңіске жетті
  • Орталық стадиондағы ең нәтижелі ойын
  • “Ақтөбе” 3:1 есебімен “Ордабасыдан” жеңілді
  • Маусымның соңғы үш ойыны. Қазақстан премьер лигасы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге