Мұханов "Ақтөбеге" қайта оралды

    Мұханов "Ақтөбеге" қайта оралды

    Владимир Мұханов араға бес жыл салып, "Ақтөбе" футбол клубының тізгінін қайта ұстады.

    Биылғы маусымды ақ-қызылдар сәтсіз бастаған. Біздің команда қарсыластарына азуын батыра алмады. Нәтижесінде украиналық бас бапкер Игорь Рахаев қызметінен кеткен болатын.
    "Ақтөбе" осындай мүшкіл жағдайға тап болғанда, команда тізгінін Владимир Мұханов ұстады. Ол ақтөбелік клубқа жат емес. Бапкерлік мансабының алты жылын (2006-2012 жылдары) осы "Ақтөбеде" өткізді.
    Енді Владимир Мұхановтың "Ақтөбедегі" мақсаты біреу: команданы турнир кестесінің соңғы орнынан көтеріп, ішкі тәртіпті орнату. Ресейлік маман командамен бірге жаттығуды бастап кетті.

    Мұхановтың сөзіне сенсек, ол "Ақтөбемен" бірнеше жылдық келісім-шартқа отырыпты. Енді 27 мамырда "Ақтөбе" павлодарлық "Ертіске" қарсы ойынға аталмыш маманның баптауымен шығады.
    Владимир Мұхановтың "Ақтөбедегі" жетістіктері:
    Қазақстан чемпионы: 2007, 2008, 2009 жылдар
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2006, 2010
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011, 2012
    Қазақстан кубогының иегері: 2008
    Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы: 2008, 2010

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
  • Әшім ҚАЛИ: Ақтөбеде жекпе-жекке арналған спорт ғимараты жоқ
  • "Қайрат" бапкері Вайсс қызметінен кетті
  • “Ақтөбенің” бас бапкері Газзаев қызметінен кетті
  • Владимир Газзаев “Ақтөбеде” қалады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге