“Ақтөбе” тағы да сүрінді

    “Ақтөбе” тағы да сүрінді

    Футболдан ел чемпионатының 14-турында “Ақтөбе” кезекті жеңілісіне ұшырады.

    Бұл жолы “ақ-қызылдар” турнир кестесінде жоғары сатыда келе жатқан “Ордабасыға” қонаққа барды. Шымкенттің қосалқы стадионында өткен кездесуде алаң иелері қонақтарға мүмкіндік қалдырмады.
    Ойын басталысымен шымкенттік команда алға ұмтылған. Мұндай қарқынды күтпесе керек, “Ақтөбе” футболшылары тек қорғанумен болды. «Ордабасы» шабуылға қос қапталды да қосып, қонақтар қақпасынан саңлау іздеді. Матчтың 31-минутында ақтөбелік қорғаушылар сыр берді. Сол қанаттан жасалған шабуылдан соң доп Еркебұлан Тұңғышбаевтың аяғына келген. Шымкенттік ойыншы айып алаңына енер тұста жойқын соққы бағыттады. Андрей Сидельников керіле секіргенімен, алыс бұрышқа ұшқан допты қайтара алмады – 1:0.

    Екінші гол да көп күттірмеді. Таймның аяғына таман алаң иелері бұрыштан доп асырған. Әуедегі допқа Таңат Нөсербаев бірінші жетіп, басымен дәл соққы жасады. «Ақтөбе» ойыншылары тағы да шарасыз қалды – 2:0.
    Қос гол жіберіп алған ақтөбеліктер үзілістен кейін белсенділік таныта бастады. Команданың шабуыл шебінде жүрген бразилиялық шабуылшылар Кассиано мен Мамуте алаң иелерінің қорғанысын бұзып өтуге тырысты. Алайда «пентакомпеондар» допқа иелік еткенімен, Рамиль Нұрмұхаметов иелігіне анау айтарлықтай қауіп төнбеді.

    Ал шымкенттік команда қонақтардың бос қалдырған аймақтарын пайдаланып, қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырып тұрды. Кейін жеңіліп жатқаны аз болғандай, «Ақтөбе» алаңда он ойыншымен қалды. 54-минутта Бағдат Қайыров Нөсербаевты құлатып тастағаны үшін алаңнан қуылды.
    Матчта бас бапкердің қызметін атқарушы Игорь Прохницкийдің кей шешімдері түсініксіздеу болды. Мысалы, екінші таймның басында жартылай қорғаушы Чако Торресті алаңға шығарған. Алайда 15 минуттан соң аргентиналық футболшыны алаңнан қайта алып тастады. Жеңіліп жатқанда шабуылды күшейту қажет екені айдан анық. Алайда алаңда белсенді жүрген Кассианоның орнына қорғаушы Берік Айтбаев шықты.

    Не дегенмен, ақтөбелік футболшылар таразы басын теңестіре алған жоқ. Тек төреші қосқан қосымша уақытта ғана Юри Мамуте қанжығасын майлай алды. Қорытынды есеп – 1:2.
    Бұл жеңіліс «Ақтөбенің» жағдайын одан сайын қиындатып тастады. Команда 14 турдан соң 9 ұпай ғана еншілей алды. «Ақ-қызылдар» турнир кестесінің ең соңғы сатысында тұр. Енді «Ақтөбе» 27 мамырда өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдайды.

    Матчтан кейін Игорь Прохницкий жеңілістің себебін уақыттың аз болуымен байланыстырды.
    - Өкінішке қарай, бұл ойынға дайындалуымызға 2-3 күн жеткен жоқ. Классикалық тұрғыда бір аптамыз болғанда, жігіттер бұл ойынға дейін қалыптарына келіп, жақсырақ дайындалар еді. Сеніңіздер, бізді мұнда тең есеп те қанағаттандырмас еді. Біз тек жеңіс үшін ғана келгенбіз, - деді «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің қызметін атқарушы.

    Ал «Ордабасының» бас бапкері Алексей Петрушиннің көңіл-күйін Мамуте соққан гол түсіріп жіберген екен.
    - Көңіл-күйім жоқ. Біз қосымша уақытта гол жіберіп алдық. Бұл ойыннан алған әсерімді бұзып жіберді. Біз ойында үлкен басымдыққа ие болдық. Тіпті, екінші таймның өзінде гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды. Үш рет қақпашымен бірге-бір шықтық. Бірақ гол соға алмадық. Әрине, қақпамызға голдың қажеті жоқ еді. Сондықтан, көңіл-күйім түсіп кетті. Бірақ маңыздысы – бүгінгі нәтиже. Жалпы айтар болсақ, бүгін жақсы футбол болды, - деді А. Петрушин.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” ең соңғы орында
  • “Ақтөбе” соңғы минуттарда жеңіліп қалды
  • “Ақтөбе” биыл алғаш рет жеңіске жетті
  • Жастар жеңістен құр қалды
  • Есептелмеген гол, мардымсыз ойын, тағы да жеңіліс ...
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге