"Ақтөбе" жастары қатарынан екі ойында жеңді

    "Ақтөбенің" жас футболшылары чемпионаттың аутсайдерін сенімді ұтты.

    "Ақтөбенің" дублі Екінші лигада анау айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмай жүр. Сегіз турдан соң команда екі матчта ғана жеңіске жетіп, қалғанында жеңіліп қалған болатын. Бірақ бұл жолғы қарсыластары тым азусыз еді – қызылордалық "Қайсар" футболшылары бір матчта ғана тең түскен. Қалғанының бәрінде жеңіліс тапты.

    Бұл матчта "Ақтөбе" айқын фаворит саналған. Сондықтан бірден шабуылға ұмтылып, ойын тағдырын шешіп тастауға тырысты. Ойынның 11-минутында қызылордалық Бақберген Елікбай айып алаңындағы қарбаласта допты өз қақпасына соғып алды. 1:0 – «Ақтөбе» алға шықты.
    Бұл голдан кейін қонақтар белсенділік таныта бастады. Кей сәттерде таразы басын теңестіріп тастауға да жақын болған. Бірақ алаң иелерінің қақпашысы мен қорғаушылары сыр берген жоқ.
    Нәтижесінде Алемаскин шәкірттері үзіліске дейін екінші голын соқты. Игорь Бойчук қарсыластың бірнеше ойыншысын алдап өтіп, ұрымтал тұста тұрған Абылайхан Оңғарбаевқа пас қалдырған. Ақтөбелік шабуылшы допты ырқына көндіріп алып, дәл соққы жасады – 2:0. Командалар үзіліске осы есеппен кетті.
    Екінші таймның басында қос ұжым бір голмен алмасып үлгерді. Ойынға тыңнан қосылған Әділхан Жұмай 53-минутта "Ақтөбенің" үшінші голын соқты. Бірақ бұл есеп таблода ұзақ сақталған жоқ. Төрт минуттан соң, Еркебұлан Кенжебай есеп айырмасын қысқартты. Бірақ бұл матчтағы соңғы гол болатын. "Ақтөбе" жастары Орталық стадионда маңызды жеңіске қол жеткізді – 3:1.

    Бұл ойыннан кейін ақтөбелік футболшылар турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Команда тоғыз ұпаймен 12-ші орында келеді. Ал "Қайсар" ойыншылары соңғы, 16-сатыда тұр.
    Енді "Ақтөбенің" дублі келесі матчын 9 маусымда сырт алаңда өткізеді. Ендігі қарсыласы – павлодарлық "Ертіс".

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” тағы да сүрінді
  • “Ақтөбе” соңғы минуттарда жеңіліп қалды
  • “Ақтөбе” жастары “Ертісті” жеңді
  • Негізгі құрам ойыншылары әкелген жеңіс
  • Есептелмеген гол, мардымсыз ойын, тағы да жеңіліс ...
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге