Мемлекеттік қызметкерлер жарысты

    Мемлекеттік қызметкерлер  жарысты

    Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Ақтөбе облысындағы бірқатар департаменттер спортта өзара кім мықтыны анықтады.

    Шараға Білім саласын бақылау департаменті ("Жас қыран" командасы), Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ("Бірлік"), Статистика департаменті ("Супер стат") мен Ауыл шаруашылығы минералды ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ("Жеңіс") Ақтөбе облысындағы өкілдері қатысты.
    Олар алдағы мерекеге орай өздері бірігіп, мейрамды спорттық жарыспен атап өтуді жөн көрген. Әр командада алты қатысушыдан болып, олар спорттық эстафета бойынша жарысты.
    - Біз көбіне кабинетте отырып, сыртқа шыға бермейміз. Спортпен айналысуға уақыт жетпей жатады. Міне, сондықтан өзімізге осындай шара ұйымдастырдық. Оның үстіне, қызметкерлер басқа да мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін адамдармен танысады, - дейді Облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова.

    11 сайыстан тұрған эстафетада "Жас қыран" командасы бас жүлдені иеленсе, бірінші орынды "Супер стат" алды. Ал "Бірлік" екінші орынды қанағат тұтты. "Жеңіс" командасы болса, үшінші орынға табан тіреді.
    - Бұл шараға бірінші рет қатысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай өткізілген соң, сайысқа өз үлесімізді қосу үшін келдік. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы оңай емес, бекітілген өз функциялары бар. Оның да өз қиындықтары болады. Соған қарамастан осы күнді ерекше күтеміз, - дейді Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Масина.
    Жарыс аяқталған соң жеңімпаздарға кубок пен марапаттау қағаздары берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыс басшысы бастаған мемлекеттік қызметкерлер 200 литр қан тапсырды
  • Ақтөбеде екі мемлекеттік мекеме заңбұзушылыққа жол берген
  • Кәсіпкерлер “Трансэнергоны” сотқа берді
  • Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті он бір пайызға көтереді
  • Жол торабына байланысты дау “СНПС-АқтөбеМұнайГаз” АҚ пайдасына шешілді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге